Келер жылы Павлодарда 2400 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы құрылысы басталады.
Биыл облыс орталығында төрт білім беру нысанның жобасы әзірленіп, құрылысы басталады. Атап айтқанда, "Достық" шағын ауданында 2000 орынға, Гагарин көшесіндегі №4 мектеп аумағында 600 орынға және Шөкин көшесі мен Павлов көшесінде 300 орындық мектеп салынады.
Арман Омаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
1 наурызға дейін біздің алдымызға сыртқы инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарын алу және жер учаскелерін рәсімдеу міндеті қойылды. Бұл жұмысты басқарма жүргізді. Тиісті материалдар "Samruk-Kazyna Construction" жобаларына тапсырыс берушіге берілді. Олар жоба мен мектеп құрылысының барысын әзірлейді.
"Достық" шағын ауданында бастапқыда 1200 орынға мектеп салу жоспарланған. Бірақ «Жайлы мектеп» жобасының көмегімен, білім министрлігінің келісімі бойынша 2000 орынға дейін құрылысты бастауға мүмкіндік туды. Ал, келер жылы облыс орталығында тағы үш оқу орнының құрылысы басталады.
Арман Омаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
Жер учаскелері ресімделді. Техникалық шартқа сәйкес «Жастар» шағын ауданында 2000 орынға, «Зеленстрой» және «Восточный» шағын аудандарында 1200 орындық мектеп салынады. Учаскелер бар, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобалаушыларға эскиздер дайындалып жатыр.
Мектеп құрылысына бұл шағын аудандар арнайы таңдалды, дейді Арман Омаров.
Арман Омаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
Барлық коммуникацияларды қосудың техникалық мүмкіндігі бар. 300 орынға - 6 500 шаршы метр, 600 орынға – 8 500, 1 200 орынға – 17 000, ал 2000 орынға – 20000 шаршы метрден астам төрт қабатты болмақ. Қалғандары үш қабатты нысандар.
«Жайлы мектеп» - ұлттық жоба. Тиісінше барлық білім мекемесі жиһаздар мен қажетті жабдықтар жиынтығы және спорт алаңымен жабдықталады.
Арман Омаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
Әр аймаққа эскиздік жобаларды таратады. Олар бір-біріне ұқсас болады. Барлық мектепті қазақстандық құрылыс материалдары және жиһазбен жарақтандыру жоспарланып отыр.
"Жайлы мектеп" жобасы орта мектептердегі оқушы орындарының тапшылығын болдырмауға көмектеседі. Жоба 2026 жылға дейін іске асады.
Арман Омаров, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
Құрылыс жұмыстары қай мерзімге дейін жалғасатыны белгісіз. Нақты белгіленген мерзім - 2026 жыл. Мектептерді тапсыру мерзімі мен бөлінетін қаржы бірдей болады.
Болашақ оқу орындары бірыңғай құрылыс стандарты бойынша салынады. Яғни, пәндік кабинеттер және зертханалармен толық жабдықталады. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары мен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек блоктардың болуы қарастырылған. Спорт залдарының саны оқушы санын ескере отырып есептеледі. Әрбір жаңа мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекпен оқытуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар болады.
Ақмаржан Қалымбек, Мұрат Әбілмәжіт