Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымы: қауіпсіздік ережелері

Жылыту маусымы: қауіпсіздік ережелері

Железин ауданы

Жылыту маусымының басталуымен жеке тұрғын үйлерде өрт шығу және иіс тиіп улану қаупі артады. Железин ауданында құтқарушылар профилактикалық рейдтер өткізіп, тұрғындарға өз үйлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салуда.

Жылыту маусымы басталғалы ауданда екі өрт оқиғасы тіркелді. Оның бірі тұрғын үйде болған. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай оқиғаларға көбіне пештердің ақауы, электр сымдарының жарамсыздығы және отты абайсыз пайдалану себеп болады.

Дидар Рустимов, Железин ауданы ТЖБ аға инженері

Күн суытып, жылыту маусымы басталған кезде тұрғын үй секторында өрт шығу қаупі артады. Бұл кезеңде тұрғындар пешпен жылыту жүйесін, электр жылытқыштарын және басқа да жылыту құрылғыларын белсенді пайдаланады. Оларды пайдалану талаптарын бұзу көбіне өртке, адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеліп жатады.

Иіс тию қаупі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Көміртек тотығының түсі де, иісі де жоқ. Сондықтан арнайы датчиксіз оның таралғанын анықтау мүмкін емес. Профилактикалық рейдтер барысында құтқарушылар тұрғындарға пештердің жай-күйін үнемі тексеріп, бөлмелерді желдетіп отыруды және көміртек тотығын анықтайтын дабылқаққыштар орнатуды ұсынады.

Дидар Рустимов, Железин ауданы ТЖБ аға инженері

Железин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Аулаларды аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Жылыту құрылғылары мен электр сымдарының жай-күйін тексереді. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылады.

Жылыту маусымы басталғалы ауданда 185 рейд өткізілді. 2000-нан астам тұрғын үй тексеріліп, 3 мыңнан астам адамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.


Александра Алябьева



Бөлісу