Архив жаңарып, құжаттар цифрлық форматқа көшірілуде
Архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіру уақыт талабы. Павлодар облыстық мемлекеттік архивінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Құжаттарды электронды форматқа өткізу үшін арнайы техника орнатылып, мамандардың жұмыс жағдайы жаңартылған. Сонымен қатар мекеме ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілді. Архивте қандай өзгерістер бар? Алдағы сюжетте.
Бүгінде архив қорындағы 185 мың 620 іс цифрландырылған. Бұл жалпы архив қорының 17 пайызынан астамын құрайды. Ал басқару құжаттамасы бойынша көрсеткіш 23 пайызға жуық. Әр құжаттың электрондық көшірмесі сапа тексерісінен өткізіледі. Осылайша, түпнұсқаның мазмұны мен деректерінің дәлдігі сақталады.
Қайрат Алтаев, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары
Құжат түрлеріне келетін болсақ оларды сандық жүйеге көшіру үшін тек қана сканерлеу емес, бұл алдыңғы этап. Тақырыбына сай, істеріне, дәуіріне, кезеңіне сәйкес оларды сұрыптаймыз. Одан кейін ең басты жүйге көшірілуге дайын болады. Жалпы негізі бүгінгі күні мемлекеттік басқару саласына қарайтын болсақ құжат айналымымен бірге «е.архив» жүйесімен жұмыс жасап жатырмыз.
Құжаттарды цифрландыру үшін архивте арнайы жабдықтар мен жұмыс орындары қарастырылған. Мұнда А3 форматындағы 8 ағынды сканер және көлемі үлкен, стандартты емес құжаттарды өңдеуге арналған А2 форматындағы планетарлық сканер бар. Бұл жұмыстарды ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары атқарады.
Қайрат Алтаев, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары
Жалпы біздің архивте негізі 1866 жылардан бастап құжаттар бар. Мында отырған мамандардың әрқайсысына берілген істерге, тақырыптарға байланысты құжаттар бүгінгі күні сандық жүйеге өтіп жатыр. Көпшілігі бүгінгі күні біз ауыз толтырылып айтарлығы ол мемлекеттік басқару жүйесі жөніндігі. Себебі осы құжаттарға көп сұраныс бар. Яғни, зейнеткерлік жасқа жетіп, құжаттарды ауыстыру барысында құжаттарды іздей бастайды. Сол кезде көрсеткіштер мемлекеттік басқару жүйесіндегі құжаттардың 17% ішінде осы бір бөлігі мемлекеттік басқару жүйесіндегі құжаттар.
Құжаттарды цифрландырумен қатар архив ғимаратын жаңарту жұмыстары да жүргізілді. 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған нысанда төрт ай бойы күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жаңартылып, инженерлік жүйелері қайта жабдықталды.
Бахыт Смаков, Павлодар облыстық мемлекеттік архив басшысы
Жұмыстардың аясында сырттан бастап, ішкі жөндеу толық жүргізілді. Оған облыстық бюджеттен 500 млн астам қаражат бөлінген болатын. Мердігер уақытында ремонтқа кірісіп, уақытында аяқтады. Нақты айтатын болсақ. Күрделі жөндеу жұмыстарына не кірді десек. Толық электрожүйесі қосылды, ескі полдар ағаштан жасалған кафельге ауыстырылды. Өрт сөндіру датчиктері. Терезе, есіктер, кіреберіс жер ауыстырылды. Қоймалардың орындары ауысытырлды.
Қазір архив қызметкерлері жаңартылған ғимаратта жұмыс істеп, құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді жалғастырып жатыр. Бір маман күніне орта есеппен 25 құжатты сканерден өткізеді. Бұл архив қорын электронды форматқа кезең-кезеңімен көшіруге мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева