8 наурыз: қандай гүл сыйлаған жөн?Халықаралық әйелдер күнінде аруларға гүл сыйлау - заңдылық. Мереке қарсаныңда ерлер қауымы гүл таңдауда біраз әбігерге түседі. Осы орайда жергілікті флористтердің ойын біліп қайттық. Гүл мамандары қандай гүл шоқтарын сыйлауға кеңес береді? Ал павлодарлықтар әсіресе қандай гүлдерге таңдау жасайды?
Флористердің сөзінше, көпшіліктің сұранысы классикаға айналған голландтық раушан мен көктемнің символы - қызғалдаққа түскен. Дүкен есігі тәулігіне 24 сағат ашық болса да, жақындарын қуантуға ниет еткен азаматтар саны азаяр емес. Гүл мамандары соңғы жылдары арнайы композицияларға сұраныс артқанын айтады. Флористер аз уақыт ішінде әр адамның сұрауы мен талғамына сай әдемі гүл шоқтарын дайындап береді.
Мереке қарсаңында қала көшелері де құшағын гүлге толтырған қарашаға толды. Павлодарлықтар бұл кереметті кімге сыйлайтынын және қандай гүлге таңдау жасайтынан біліп қайттық.
Ал, арулар үшін ең бастысы – жақындарының көңілі. Бұл күні әрбір қыз-келіншек өзін аса бақытты сезінетіні сөзсіз. Осыдан-ақ адамның шынайы сезімін, риясыз қуанышқа бөлейтін гүлдің бағалы сый екенін аңғаруға болады.
Ақмаржан Қалымбек