Павлодар облысы вирустық гепатиттердің таралуы мүмкін өңірлердің бірі. Өткен жылы облыстың 12 тұрғынында жіті вирустық гепатит анықталды, оның ішінде 14 жастағы жасөспірім ауруға шалдыққан.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері өңірде «А» жіті вирустық гепатитіне күдік бар алты факті тіркелді. Мұндай диагнозға шалдыққандардың үш жағдайы расталды. Екеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұзда. Өткен жылы бұл дертке облыстың 12 тұрғыны шалдыққан.
Әсел Байғанова, жалпы инфекция бөлімшесінің меңгерушісі:
Вирусты гепотиттарды екі топқа бөліп қарастырамыз. Қалай жұғады? Соған қарап екі топқа бөлеміз. Вирусты гепотиттердің ішінде А және Е. Соның ішінде А жақсы аяқталады. Яғни емделеді. Жедел түрде өтеді. Өзінен кейін із қалдырмайды. Е-де жақсы. Емі бар, емделеді.
Дәрігерлер «Е» гепотиті жүкті әйелдер үшін қауіпті екенін ескертеді. Тіпті оны ерте анықтау қиын. Гепатитті инфекцияны терінің зақымдануы және ластанған су мен тамақ арқылы жұқтыруға болады. Медицина мамандары Павлодар облысында тіркелген 14 жастағы жасөсіпірімді анықтады.
Әсел Байғанова, жалпы инфекция бөлімшесінің меңгерушісі:
Вирусты гепотит «А». Бірінші біз клиниканы қарастырған кезде жасына қараймыз. Вирусты гепотит «А-мен» көбінесе жастар ауырады. Балалар ауырады. Вирусты гепотит «А» болады жиі.
Сала мамандары қайнатылмаған суды ішпеуге, жуылмаған жемістер мен көкөністерді тұтынбауға кеңес береді. «В» және «С» вирустық гепатиттерді тек медициналық құралдар арқылы ғана емес, сонымен қатар маникюр, татуировка, пирсинг кезінде де жұқтыруы мүмкін екендігін айтады.
Әсел Байғанова, жалпы инфекция бөлімшесінің меңгерушісі:
Екінші тобы ол – парентеральды механизммен жұғатын вирусты гепотиттар. Оның ішінде «Б», «С» және «В», «+Д»оның ішінде вирустық гепоиттермен жұғатын жаңа түрлері ашылып жатыр. Операция кезінде, қан құю кезінде. Тіс емдеген кезде жұқтыруы мүмкін.
Гепатит ауруына шалдыққан науқастар қажетті ем дом шараларын қабылдап жатыр. Ал, дәрігерлер тұрғындарға гигиена заттары қатаң жеке болуы керек екендігін еске салады.
Мөлдір Сағидолла