Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалар соңғы 3 жылда 30 пайызға артқан. Ғалымдар мұны түрлі себептермен байланыстырады, бұл гаджеттерді пайдалану, сапасыз азық түлік. Ол балаларды инклюзивті біліммен қамту жағы қазір өзекті.
Павлодар қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетте «Инклюзивті білім беру кеңістігін құрудың қағидаттары мен шарттары» атты 4-ші халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтті. Оған Ресей Федерациясынан, Филиппин, Түркия елдерінен мамандар онлайн қосылып, тәжірибелерімен бөлісті.
Ержан Әмірбекұлы, Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің ректоры
Әлкей Марғұлан атындағы ППУ педагогикалық білімнің бірнеше бағыты бойынша ғылыми жұмыстар жүрігзеді. Әртүрлі елдерден экспертер шақыртылады. Маңызды мәселе балалар саны көбейіп келеді. Сарапшылар тиісті ұсыныстарын айтып, шешу жолдарын көрсететін болады. Унивесритетте 200 оқушы білім алады. осы конференция алаңы мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Павлодар облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны соңғы 3 жылда 30 пайызға артқан. 2023 жылы өңірде 7489 бала осы диагнозбен болса, биыл олардың саны 10766-ға жеткен. Сәйкесінше оларға инклюзивті білім беретін мамандар қатары да артуы керек.
Жібек Айтмұхамбетова, Павлодар облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы
Павлодар облысында білім беру барысында жұмыстар атқарылып жатыр. 32 мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде арнайы балабақшалар, мектептер, ресурс орталықтар. 10 мың бала инклюзивті біліммен қамтылған. Блілім алуда.
Конференция барысында инклюзивті білім беруге қатысты сессиялық отырыстар ұйымдастырылды.
Жібек Айтмұхамбетова, Павлодар облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы
Қазіргі таңда облыста 500 ден астам арнайы педагогтер жұмыс жасайды. Оның ішінде дефектолог, логопед, судроаудармашылар. Кадр жетіспеушілігі сұрағының барын, облыстық білім беру басқармасында ашық айтты. Осы мақсатта Марғұлан университетімен тығыз байланыс жүріп жатыр. Шақыру береміз
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Самал Қалиқызы