Былтыр 16-наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бергі бір жылға жетпейтін уақытта/ Қазақстанда кең көлемді өзгеріс жасалды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында жазды.

Биыл 27 жылдан кейін/ алғаш рет жалпыұлттық референдум өтті. 7 Конституциялық заңға, 15 кодекс пен 29 заңға өзгеріс енгізілді. Екіншіден, Президент 7 жыл мерзімге сайланды. Конституциялық сот құрылды. Үшіншіден, Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Жақында/ аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары жасақталады. Төртіншіден, жаңа 3 облыс құрылды. Сондай-ақ, ұлт ұясы Ұлытау облысында/ ұлттық құрылтай ұйымдастырылды.