Достық үйінің 15-жылдығына орай Наурыз кербезі – 2023 байқауы өтті. Сұлулық пен даналық бәсекелесінде мекеменің іріктеуден өткен бес аруы сыңға түсті.

«Наурыз кербезі -2023» арулар байқауына мекеме қызметкерлері мен этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты. Іріктеуден өткен 5 бұрымды өнерлерін ортаға салып, көрермен қошеметіне бөленді. Бұл бәсекелестің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, нәзік жандылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Нүрия Көбенова, «Қоғамдық келісім» орталығының басшысы:

Бүгінгі қатысушылар өздерінің өздерін қалай ұстау, дәстүрді қалай көрсете білу. Қандай ұлттық тағмадарды көрсету. Сұрақ жауап айдары бар бізде. Сұрақ жауапта өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, мемлекеттік тілді білу. Осындай үлкен мақсатпен Достық үйінің қызметкерлері арасында ұйымдастырып отырмыз.

Бұрымдылар «Іздемпаз ару», «Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Көрермен аруы» және бас жүлде «Наурыз кербезі» атты титулға таласты. Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Осы сайысқа жанұя жылуын сақтап отырған қызметкерлер де қатысты.

Құралай Бәкірова, «қоғамдық келісім» орталығының маманы:

Отбасы мен жұмысты алып жүру әрине оңай емес. Бірақ тырысамын. Өйткені баланы тәрбиелеу үшін ананың өзінің де білімді ақылды болу керек. Сондықтан екі жаққа үлгеру маған қиын емес. Өзімізді дәріптеу ғой. Қызадрға, өзіміздің артымыздан еріп келе жатқан сіңілілерімізге үлгі болайық деп қатысып жатырмын.

Сайысқа қатысушылардың барлығы жан жақты. Қазақтың әдеп ғұрыпын жіті меңгерген нәзік жандылар қойылған сұрақ сауалдан сүрінбей өтті. Ал мың бұралған бишілер шараның ерекше ажарын ашты.

Шұғыла Жекебай, қоғамдық келісім кмм маманы:

Бүгінгі ерекше өнерім сән көрсету болады. Сән көрсетуде қазіргі дамып жатқан біздің этно стиль түрінде болады. Этно стиль түрінде біраз дайындалдым. Өзім биші болғанна кейін хореограф лауазымында жұмыс жасағаннан кейін би өнерімді көрсетейін деп тұрмын. Аққу биі болады.

Арулар бағалы сыйлықтар жәнез дипломдармен марапатталды.

Мөлдір Сағидолла