Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдарын әзірлеудің шеберлік сабағы өтті. Жиналған қонақтарға ежелден дайындаған әсіп және жаужүрек тағамдарын дайындау жолы көрсетілді. Экранға зер салайық.
Қазақ халқы әу бастан қуаты жоғары, құнарлы тағамдарды жиі дайындаған. Сондай ерекше астың бірі – әсіп деп аталады. Бүгінгі шеберлік сабақта әсіптің бірнеше түрі дайындалды. Өңірімізде ұлттық асты ұлықтап жүрген Қазынагүл Қылышбайқызы жас буынға тағам құрамымен таныстырды.
Қазынагүл Алпысбаева, ұлттық тағамдарды насихаттаушы:
Бұның енді жасалу жолдары етті жақсылап тұрып еттартқыштан өткізіп аламыз. Сосын ішіне аздаған күріш қостым. Сарымсағын, дәмдеуіштерін қосып, өздеріңіз куә болдыңыщдар оқушылар дәріс алып, дәмін татып. Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды әрі қарай жастарымыз дәріптеп, насхаттап жүрсін деген тілектемін.
Ежелде ата-бабаларымыз осы тағамдырды әсіресе көктем мезгілінде дастарханнан үзбеген. Күні бойы сергек әрі қуатты жүру үшін мұндай астың берер пайдасы мол. Шеберлік сабақта дайындалған тағамдардың бірі бауыр мен қойдың майынан әзірленетін жаужүрек. Бұл асты көбіне батырлар жорыққа шыққанда дайындаған екен.
Қазынагүл Алпысбаева, ұлттық тағамдарды насихаттаушы:
Жаужүрек тағамын бұрында үлкен әжелеріміз жаугершілік заманда ер азаматтарға дайындаған екен. Бауырдың құрамында толып жатқан витаминдер бар ғой. Оны өздеріңізде білесіздер. Сондықтан оны жәй ғана қуырып қоймай қойдың шарпы майымен араластырып, орап азаматтарымызға берген екен.
Ұлттық тағамдар жылдам әрі оңай дайындалады. Дәруменге мол, дәмі де тіл үйіреді. Шеберлік сабаққа қатысқан бұрымдылар енді әсіп және жаужүрек тағамын өз асхана мәзірінде қолданып көрмекші.
Айгүл Қойшыбаева, студент:
Мен осы тағамдарды үйдегілерге пісіргем келеді. Өйткені ол тағамдар дәстүріміздің және дәрумендерге өте бай.
Қазынагүл Қылышбайқызы ұмыт болған тағамдарды 10 жылдан бері насихаттап жүр. Ендігі мақсаты ұлттық мұраны жаңғыртып, жас буынға үйрету.
Мөлдір Сағидолла