Тәуелсіздік алғанға дейін елде бір палаталы, ең жоғары орган -Жоғарғы Кеңес болды. 1993 жылы 13 желтоқсанда кеңес таратылып, 1995 жылы 30 тамызында өткен республикалық референдумда елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Соның негізінде жоғары заң шығарушылық өкілеттігін жүзеге асыратын қос палата жұмысын бастады. Бұған дейінгі мәжіліс сайлаулары қалай өтті? Палата құрамына кіретін депутаттар қалай таңдалды?

Парламент Мәжілісінің алғашқы сайлауы 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. 67 депутат мажоритарлық жүйе негізінде сайланды. Өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда басталды. Екінші шақырылым депутаттарының сайлауы 1999 жылдың күзіне сәйкес келді. Саяси науқан бірінші рет Орталық Азияда аралас схема бойынша өтті. Бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.
Оразалы Сәбден, ҚР парламенті мәжілісінің І –ІІ шақырылым депутаты:
Ең демократиялық сайлау болды. Біз санадық 356 депутаттың 52 депутаттың ғылыми атағы болды. Көптеген ғылым кандидаттары, докторлары, он шақты академик, зиялы қакуым, жазушылар. Қазақстанның қаймақтары келді десе болады. Өте қиын да жауапты кезең болатын. Сол кездегі азаматтардың бәрін шынын айтсам, депутаттардың бәрі патриот болды десем қателеспеймін. Сайлау процесі сол уақытта бір мандаттық, партиялардан болмайтын.
Үшінші шақырылым сайлауы 2004 жылғы қыркүйекте болды. Оған 12 саяси партия қатысты. Сайлау нәтижесінде Мәжілісіке 77 депутат сайланды. Оның 67-сі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, 10 адам партиялық тізіммен. Ал, 2007 жылғы сайлауда мәжіліс 107 депутаттан тұрды. 98 депутат партиялық тізім бойынша, қалған 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Мемлекет қайраткері Әлихан Бәйменов сол жылдары мажоритарлық жүйемен де партиялық тізіммен де сайлауға түскен.
Әлихан Бәйменов, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері:
Сөзсіз мен 1994 жылы мажоритарлық жүйемен сайландым, 2007 жылы партиялық тізіммен депутат болды. Айырмашылығы жер мен көктей болды. Сөзсіз мажоритарлық жүйемен сайланғандар өзінің аймағындағы өз сайлаушыларымен байланысты тереңірек сезінеді. Сондай мүмкіндік бар. Бірақ, басты шарт қандай жүйемен сайланса да ол осы артықшылықты пайдалану үшін әділ сайлау арқылы сайлану қажет. Сонда ғана халықтың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізіп, халықтың өкілетті орган жұмысын қолыққанды қамтамасыз ете алады.
Бесінші шақырылым сайлауы 2012 жылы қаңтарда өтті. Оған жеті саяси ұйым қатысты. Ал 2016 жылғы саяси науқанға қатысқан алты партияның үшеуі дауыс берушілердің 7 пайыздан астам дауысына ие болды.
Омархан Өксікбаев, ҚР парламенті мәжілісінің V-VI шақырылым депутаты:
Біз сол кезде сайлаушылардың көңілінен шығатын мәселелерге көңіл бөліп жүрдік, әрине. Бірақ, ол жерде тежеу болды. Тежеу деген сөз партиялық фракция бар Парламенттің ішінде, фракцияның шешімі сол фракцияның мүшелеріне бірдей міндет. Соған дауыс беру, одан алшақ кетсең партияның ұстанымына қарсы шыққаның.
Соңғы сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Оған бес партия қатысты. Жетінші шақырылым осы жылдың 19 қаңтарында таратылды. Саяси науқан биыл сегізінші рет өтті.