Павлодарда оқушылар арасында IT-хакатонның шешуші кезеңі өтті. Аймақтың талантты программист мамандары ең зеректі және кретивті команда атану үшін бақ сынады.


Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде IT-жарысының финалдық кезеңі аяқталды. Ақпан айынан бастап 54 команда жарыстың шешуші кезеңіне өту үшін барын салды. Нәтижесінде ең білікті 16 команда анықталды.

Гаухар Бабықова, дарынды балаларға арналған №8 мектеп басшысы:

Бүгін соңғы кезеңде қатысушылар өздерінің дағдыларын сынға салып, жаңа прототиптер жасайды. Сондай-ақ, авторлық кейстер дайындады.

Жас зияткерлерге доданың міндеттері мен талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Талапқа сай қатысушыларға белгілі бір уақыт беріледі. Зеректі жастардың бірі домбыра түріндегі ғимараттың 3d үлгісін жасап финалға шықса, ал «Стар» командасының тапқырлары туған өлкенің кереметінен шабыт алған.

Ділназ Данабай, оқушы:

Біз Баянауылдағы ең биік нүкте, яғни...көресткіміз келеді.Біз...стилінде жасалған.

Жарыс сарапшылары ретінде лицей түлектері, жеке кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер мен Халықаралық IT-компанияның басшылары бой көрсетті. Зияткерлер додасында топ жарған жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды, сондай-ақ 5 номинация бойынша мықтылар анықталды.

Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров