Павлодар облысында ағашты түрлі иірімге келтіріп, кәдеге жаратқан шебер жетерлік. Сондай азаматтардың бірі қолөнер шебері, ұстаз – Мелжан Сыздықов. Ол көнеден қалған өнерді жалғастырып жүрген облыс жұртына білгілі жан.


Мелжан Сыздықов 20 жылдан астам уақытын ұлттық өнерді тану мен насихаттауға арнады. Бүгінде ағаш бұйымдарынан бөлек, темірден де түрлі заттар жасайды. Он саусақ шебері бар зейінін ұстаздыққа бұрған. Ол шәкірттеріне қазақтың ұлттық ыдысын, домбырасын жасаудың қыр-сырын үйретеді. Ұстаз игі дәстүрдің жібін үзбей, ұлттық өнерді ардақтап жүрген азаматтарды тәрбиелеп жатыр.

Мелжан Сыздықов, қолөнер шебері:

Өнерлі болғаннан кейін...тез ұмытылады. Шебер болғаннан кейін жылдан-жылға....итермелеп көтеріп отыру керек.

Ұлттық өнерді ұлықтаған Мелжан Сыздықов бүгінде үш ұл тәрбиелеп отыр. Тұңғышының таңдауы басқа салаға түскенімен, екі ұлы әке жолын жалғап, бүгінде қолөнер бұйымдарын өрнектеп жүр.

Мелжан Сыздықов, қолөнер шебері:

Олардың бәрінде өнер бар...бәрінің икемі бар.

Ұстаздың ендігі арманы – үлкен шеберхана ашып, ізін жалғайтын өнерлі шәкірт қатарын толықтыру. Бабалар мұрағаты болып саналатын ұлттық құндылықты ұлықтайтын азаматтар барда, қазақтың өнері мен ұлттық болмысы сақталатыны сөзсіз.

Ақмаржан Қалымбек