Мәжіліске өткен алты партия қанша мандат алатыны белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, Amanat партиясы 40, Ауыл партиясы 8, Respublica мен Ақ жол партиялары 6, Халық партиясы 5, Жалпыұлттық социалдемократиялы партиясы 4 мандат иеленген. Ал бір мандатты округтер бойынша 29 депутат Мәжіліске сайланды. Жалпы Мәжілісте 98 депутат болады.