Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалиакбаровқа мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылықтар үшін 4,1 миллион теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылық Қалиакбаров қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған кезде жасалған.

Сот отырысында келтірілген мәліметтерге сәйкес, Қалиакбаров 2022 жылы бір көзден алу тәсілімен 17 тікелей мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан, оның ішінде қала алаңдарын, саябақтарды, көшелерді жөндеу және күтіп ұстау, атауы өзгертілген көшелерге белгілерді дайындау, контейнер алаңдары, зират қоршаулары және жағалауды абаттандыру секілді жобалар бар. Жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуықтады.

Агидель Ибраева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

Павлодар ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу туралы 17 факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.