Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті. 10-ға жуық жергілікті тауар өндіруші өз өнімдерін нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен, халыққа колжетімді бағада саудалады.

Сүт өнімдері Успен ауданынан, ал ет өнімдері Павлодар ауданынан жеткізіледі. Жылқы еті 2500 теңге, сиыр еті 2100 теңгеден саудаланды. Ал, тауық етін 800 теңгеден 1100 теңгеге дейін сатып алуға болады. Ал, түрлі ауруларға таптырмас ем – бал Тереңкөл ауданынан әкелінеді. Бұдан бөлек жәрмеңкеде бақша көкөністері мен жеміс-жидектер де ұсынылған. Мәселен, картоптың бағасы 95 теңге, пияздың келісі 150 теңгеден сатылды.

Ақмаржан Қалымбек