Ақсу қаласында өткен облыстық семинарда білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі талқыланды. Басқосуда мұғалімдерді әлеуметтік қолдау және олардың құқықтарын қорғау тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ мұғалімдерді аттестаттауға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының облыстық филиалы Ақсу қаласында еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша семинар өткізді. Кездесуге барлық аудандық кәсіподақ бөлімшелерінің мамандары, сарапшылар мен білім басқармасының өкілдері қатысты. Онда бүгінде өзекті болып отырған көкейкесті проблемалар айтылды.

Қайрат Смағұлов, Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

Әрине бұл кісілер қорғау мәселелерін көтереді. Әлі біраз кемшіліктер бар. Соны түгелін талқылаймыз. Қарастырамыз. Шешілмеген мәселелерді көтереміз. Себебі бізге дұрыс жол тауып, мүмкніншілік жасау керек. өзім мен ойлаймын. Мақсат сол.

Сондай-ақ, бірлесе атқарылған жұмысты оңтайландырып, тәжірибе алмасу үшін білім беру ошақтарының психологтары баяндама жасады.

Динара Балжігітова, «Айналайын» сәбилер бақшасы кәсіподақ ұйымының төрағасыя:

Қауіп кез-келген жерде бар. Біздің міндет-қызметкерлердің қауіпсіздігі. Сондықтан біз басқарма шарттарын жасауымыз керек. Біздің балабақшада техникалық инспектор бар. Ал қазір ол бақылаумен айналысады.

Ақсу мектептері мен балабақшаларында еңбекті қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Біріншіден, бұл мұғалімдерге де, студенттерге де қажет. Негізгі қажеттіліктер бұл, жарық, су және жылудың болуы. Екі жыл ішінде ауданның 18 оқу орнында жағдай жақсарған.

Қайрат Смағұлов, Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

Балалардың қауіпсіздігін жасау керек. бізде тревожный кнопка бар. Бізде охранная сигнализация бізде қала мектептері специализированный структурный мекемелермен шартқа отырып арлық жұмыстар жасап жатыр. Видекамера бар. Почти 1700 камера бар. Солар түгелді жұмыс істеткізіп, даладағы камералар бізде ЦОу деген центрге қосылды.

Жиынға қатысқан сала мамандары кәсіподақ қызметіндегі маңызды дағдыларға тоқталды.

Әйгерім Тоқпанқызы, Ермек Сапаров