Железин ауданына қарасты Алакөл ауылында құлпынай өсіріледі. Жақында оңтүстіктен қоныс аударған азамат бұл шаруаны қолға алған. 50 жастағы Сапарбек Тұрлыбеков үйінің ауласына 2 мың түп құлпынай егуді көздеп отыр. Қазір ол жидектің шетелдік сортын өз қаражытына сатып алған.

Алакөл ауылының тұрғыны Сапарбек Тұрлыбеков Оңтүстік өңірден өткен жылы көшіп келді. Биыл ол өз үйінің ауласына кореялық әдіспен құлпынай егуді қолға алмақ. Бұл сорт суыққа төзімді. Өнімді қараша айына дейін алуға болады.

Сапарбек Тұрлыбеков, Алакөл ауылының тұрғыны:

Бірінші жылы, бірінші рет істеп жатқанбыз, енді құдай қаласа екі тонна 4 тоннаға шейін апарамыз. Ол көшетке байланысты, әрбір көшет 5 соттықа жазда летний 4-5 нан 8 мыңға дейін көшет кетеді. 3 қатарлы үш рет қылып.

Құлпынай микроэлементтерге бай жидек. Адам денсаулығына өте пайдалы және сұранысқа ие. Өнім сәтті шықса, кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

Сапарбек Тұрлыбеков, Алакөл ауылының тұрғыны:

Қасымда бос учаскі бар сол жетеді. Соған ексек. Соны қолдаса үкімет жағынан. Сол ауылда қарап отырған. Өзім жасым 50 ге барып қалдым. Осындаймен заниматься етейін деп. Елге үлгі болады. Адамдарға сабақ болады. Қолдан келгенше әрекет ету керек қой адам деген. Тірі жан қарап отырса кім береді.

Шаруа құлпынай түптерін мамыр айында екпек. Маусымда алғашқы өнімін береді дейді ауыл тұрғыны. Бұдан кейін тіпті қарашаға дейін өнім алуға болады екен.

Әйгерім Тоқпанқызы