Биыл Павлодардың орталық жағалауында шаһар тұрғындары үшін «Фуд Зон» жобасы іске асырылады. Онда кофе мен жылдам тамақтану павильондары болады. Бұл нысандарды кәсіпкерлер сенімгерлік басқару арқылы 5 жылға жалға ала алады.

Конкурсқа заңды тұлға, өзін ресми түрде кәсіпкер деп тіркеген азаматтар ғана қатыса алады. 30 шаршы метр нысанды жалға алу үшін мемлекеттік тізім порталына өтіп, лот таңдайды. Одан кейін өтінімін қалдырады. Кәсіпкер тапқан табысын міндетті түрде көрсетуі керек.

Арай Тасболатова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Павильондар конкурс арқылы жүргізіледі. Конкурс гос реестр порталына жеке кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, өтінім беріледі. Өтініміді бүгіннен бастап беруге болады. Конкурс 24 сәуірге дейін өтеді. Қорытындысы шығады.

Сенімгерлік басқару арқылы берілетін павильондарда орналасатын «Фуд зон» мәзірінің бағасын кәсіпкерлік бөлімі қатаң бақылайды. Ондағы тамақ құны қала тұрғындары үшін қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қоса нысан маңындағы 306 шаршы метр аумақты кәсіпкер құзырында. Ол жерге жаз мезгілінде терраса салынады.

Арай Тасболатова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Кәсіпкер өзінің жылына алған табысын өзінің сыйақысын белгілейді. Сыйақы мөлшерін белгілеп, кім жоғары береді, сол кісіге павльондар берілетін болады. Павильонмен қатар қосымша жер телімі берілетін болады. 306 кв шаршы құрайды. Онда жазғы аймақ терассаны орналастыруға мүмкіндік болады.

Қазіргі уақытта 80 нен аса кәсіпкер павильонды пайдалануға ниетті. 4 нысан барлық құрал жабдықтармен жарақталған. Айта кету керек, биылғы жазда орталық жағалауда тек бұл дүңбіршектер ғана жұмыс істейді.

Әйгерім Тоқпанқызы