Негізгі Жаңалықтар Энергетика саласын дамыту: кәсіби мамандарды даярлау

Энергетика саласын дамыту: кәсіби мамандарды даярлау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында энергетика саласын жаңғырту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және атом энергетикасын дамыту басым бағыттардың бірі ретінде аталды. Осы орайда, білікті мамандарды оқыту, кәсіби мамандарды даярлау аса маңызды. Бұл жауапты миссия Павлодардағы Торайғыров университетінің энергетика факультетіне де жүктеліп отыр.


Павлодардағы Торайғыров университетіндегі энергетика факультеті 1960 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында маңызды салада қызмет атқарып жүрген мыңдаған маман оқытудан өткен. Осы күні факультетте 22 ғылым докторы мен кандидаты жұмыс істейді. Түлектердің жұмыс орнын табу көрсеткіші де жоғары.

Қазақстанда энергетика саласында алдағы уақытта ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету елдің экономикалық дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды фактор екендігін атап өтті.

Торағыров университетінің энергетика факультеті жаңа сындарға төтеп бере алатын мамандарды оқыту үшін әдістемелер мен бағдарламаларды дайындауда. Соңғы 7 жылда факультетте 20-дан астам ғылыми жоба іске асырылды, 100-ден астам авторлық куәліктер мен өнертабыстарға патенттер алынды. 


Дархан Бекишев



Бөлісу