Негізгі Жаңалықтар Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 600 ден астам вакансия ұсынылды. Өңір кәсіпорындарына қандай мамандар керек? Тілші жалғастырады. 


Павлодар облысының жұмыссыз азаматтары үшін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыс іздегендер қатарында зейнет жасына жақындаған өңір тұрғындары мен оқуын аяқтағалы жатқан студенттер бар. 

Қазір Павлодар облысының еңбек нарығында құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық, білім, денсаулық саласында мамандар тапшы. Әсіресе кәсіпорындарға жұмысшы мамандар қажет.   

Жалпы жәрмеңке аясында 100 ге жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оларға 40 тан астам жұмыс беруші бос орындарын ұсынды. 

Павлодар облысы бойынша қазіргі таңда 5400 бос жұмыс орны бар. Ал, жұмыссыз қатарында 12 мың адам тіркелген. Статистикаға сәйкес жыл соңына қарай бұл көрсеткіш төмендейді екен.



Самал Қалиқызы



Бөлісу