Қаныш Сәтбаев - қазақ ғылымының атасы. Өнегелі өмір жолының арқасында тұңғыш деген атқа лайық болды. Қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы. Ұлтымыздың тұңғыш академигі.
Қазақ зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратқан 1937 жылы Қаныш Сәтбаев ғылымның соңында жүріп ешқандай партия болмағанның арқасында аман қалады. Семейде математикадан үзбей дайындықтан өткеннен кейін Томск технология институтының математика факультетін бітіреді. Бұл оқу орнында жүріп мықты мамандардан дәріс алып қана қоймай, Қаныш Сәтбаев қазақ халқының тарихы мен этнографиясын қызыға зерттейді. Сол кезеңде ұлттық мұраға қосқан үлкен еңбектерінің бірі - «Ер едіге» шығармасы еді.
Табиғатынан ғылымға құштар Қаныш Имантайұлы үшін ғылымның қай саласы болса да бөтендік танытпайтын. Халқының өркениет легінен қалмай қазақ баласының білімін арттыруды көздеген ғалымның таңғажайып еңбектерінің бірі 592 беттен тұратын қазақ тіліндегі алгебра оқулығы еді. Жоғарғы оқу орнын бітірген жас ғалым алғаш геологиялық еңбек жолын Қарсақбай мыс қорыту комбинатының геологиялық барлау қызметінің жетекшілігінен бастайды.
Жаны мен жүрегі ұлтымен біте қайнасқан ғалым көзі тірісінде алдына келіп көмек сұраған адамдарды ешқашан кері қайтармаған. Әсіресе өршіл, көзінде от ойнаған, көкірегі ояу жастарға деген ықыласы ерекше еді.
Жүрегі әркез халқым деп соққан, елі мен жерін шексіз сүйген Қаныш Сәтбаев келбеті мен мінезі келісті, жарқын жүректі, біртуар азамат болған. 65 жыл ғұмырында Сәтбаевтың қолтаңбасы қалмаған жер жоқтың қасы. Қазақ ғылымының атасы ғибратты ғұмырымен бірегей.
Аяулым Рахымжанова