Елімізде жарымжан жандарды қолдау мақсатында жан-жақты шаралар қолға алынған. Енді олардың құжаттары сырттай қаралып, мүгедектік тағайындалады. Қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер ақпараттық жүйе арқылы азаматтың қатысуынсыз өтеді. Нәтижесі смс хабарлама арқылы науқастың телефонына түседі. Бүгінде Павлодар облысында 29 мың мүгедек тұрады.

Өңірде 5 медициналық әлеуметтік сараптама жұмыс істейді. 4-уі облыс орталығында орналасқан. Енді бірі Екібастұз қаласында. Мемлекет басшысының цифрландыру тапсырмасына сай қазір қажетті әлеуметтік қорғау шаралары екі форматта жүргізіледі. Бетпе бет және сырттай проактивті форматта. Соңғысы биылдан бастап енгізілген. Сырттай куәландыру жұмысты оңтайландырады.

Ляззат Сартымбетова, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары:

Елімізде жыл басынан мүгедектік тағайындау үшін сырттай формат өткізіледі. Яғни, мүгедек деп танылған адам медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін оның құжаттары толтырылып, ақпарат жүйесіне салынады. Одан кейін мүгедектік тағайындалады. Бетпе бет куәландырудан айырмашылығы мүгедек жан медициналық әлеуметтік сараптамаға келмейді.

Бұрын мүгедектік алу үшін науқастың қатысуымен дәрігерлік-консультативтік комиссия тексеріс жүргізетін. Енді жаңа форматқа сай бұл үрдістің басым бөлігін медициналық мекемелер атқарып, тиісті мекеме құзырына жібереді. 12 нозология бойынша медициналық әлеуметтік сараптама сырттай форматта өтеді. Бұл, психилкалық аурулар, қатерлі ісік, балалардың Даун ауруы, Инсульт науқастары, туберкулез және балалардың қант диабеті аурулары.

Ляззат Сартымбетова, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары:

Бірінші топ мүгедегі ол төсекке танылған адамдар жатады. Өзінің әрекетін жасай алмайды. Екінші топ бұл басқа адамдардың көмегімен өмір сүретін жандар. 3ші топ мүгедегі ол орта шектеулі. Яғни, таяқпен жүретін көзі нашар көретін сол кісілер жатады.

Павлодар сырттай проактивті форматта құжат толтыру бойынша елде 2 ші орында. Мамандар бұл жүйенің өңірде сәтті енгізілгенін айтады.

Әйгерім Тоқпанқызы