Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі заманға сай көркею үстінде. Әсіресе биылғы жыл басталғалы бірқатар игіліктер бастау алды. Мәселен, округ құрамындағы Мұса Шорманов ауылында шағын футбол және балалар алаңы пайдалануға берілген.

Бұл балалар алаңы Мұса Шорманов ауылының жасөспірімдері жиі келетін орынға айналды. Баянауыл ауданын дамыту бағдарламасы аясында биыл пайдалануға берілген. Көктем келіп, күн жылына сала ауыл балалары осында келіп, асыр салып ойнап жүр. Енді ауылымыз қаладан кем емес дейді олар.

Балалар алаңы әткеншектерден, өзге де дене қимылдарын шыңдауға арналған құралдардан тұрады.

Ақерке Маратқызы, оқушы:

Мына жерге көптеген балалар келеді. Бәріміз көптеген ойындар ойнаймыз. Сырғанаймыз, качелька тебеміз. Мектептің балалары көбірек келеді, бәріміз бірге ойнаймыз.

Дана Серік, оқушы:

Жақсы, өте ыңғайлы. Барлық бала келеді, ойнайды. Түнде де ойнайды. Қызықты өте, басында ойлайтынбыз бізге сала ма, салмай ма деп. Сосын естідік салады деп. Бәрі қуанып осында келетін ашылмай жатып.

Ал, қасында шағын футбол алаңы. Балалар бұнда да жиі келіп, топ теуіп, уақыттарын тиім өткізетіндігін айтады. Жалпы ауылда жасалып жатқан игіліктер бұл ғана емес. Мұса Шорманов ауылының кіре беріс аркасының құрылысы былтыр басталып, биыл толықтай аяқталған.

Мейіржан Көкенов, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі:

Бұл әсіресе демеушілік қаржымен салынды. Бұған ауыл тұрғындары, ауылдағы шаруа қожалықтар, жан-жақтағы осы ауылдан шыққан ағаларымыз, апаларымыз жәрдемдесті.

Алдағы уақытта академик Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдық мерейтойына орай ауылда өзге де ауқымды жұмыстар жоспарлапнып отыр.

Жанасыл Серікбол