Православ сенімінің Пасха мерекесі өңірімізде сәуірдің 15 нен 16 сына қараған түні аймақтың барлық православ шіркеулерінде өтеді. Биылғы жылы бұл мейрам қалай ұйымдастырылатыны жайында келесі сюжетте.

Пасха – православ христиандарының басты мерекесі. Мереке күні жылда өзгеріп отырады, тек тұрақты – жексенбі күні ғана өтеді. Пасхаға алдындағы дайындық күндері діни қызметкерлер барша халыққа әділ, мейірімді және бейбіт болуды үндейді. Ал негізгі мерекеден кейінгі апта-бір-бірін құттықтау сияқты өзге де ғұрыптармен жалғасады.

Серік Кұлжабаев, облыстық дін істері басқармасы басшысының м.а.:

Тарихи тұрғыдан алғанда, Пасха христиан дінінде барлық діни конфессиялардағы ең маңызды мереке болып табылады.

15 сәуір күні таңертеңгі дұғадан кейін, сағат 12-ден бастап адамдар ғибадатханаларға келе алады. Діни рәсімді жексенбіде таңғы сегізден кейін жасауға болады.

Протоиерей Алексей, Павлодар және Екібастұз епархиясы епархиялық басқармасының хатшысы:

Біздің облыстың барлық шіркеулерінде түнгі Пасха қызметтері өтеді. Ғибадаттың басталуы сағат түнгі 23: 30-да сәуірдің 15 нен 16 сәуірге қараған түні, яғни, сенбіден жексенбіге дейін өтеді.

Діни қызметкерлер түнгі қызметтен кейін барлық келушілер үшін тасымалдайтын көлік ұйымдастырылатынын айтты. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы 3 автобус бөліп отыр. Бұл көлік Благовещенск кафедралды шіркеуі, Христорождественский ғибадатханасында және Михаило-Архангельский шіркеуінде жеткізетін болады. .

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко