Облыстық әкімдікте кезекті аппарат отырысы өтті. Онда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, өңірдегі эпиззотикалық жағдай бойынша баяндама ұсынылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Павлодар облысында мектеп жанындағы лагерьлер саны 356-ға дейін жетті. Профильдік лагерьлер 576, еңбек жасақтарында 12 мың оқушы қамтылмақ.
Әйгерім Әбенова, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Мектептік лагерьлерде 9127 бала болса, қала сыртындағы 1702 бала қамтылады. Өткен жылмен салыстырғанда динамика 24518 балаға өсіп отыр. 11 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді. Балаларды сауықтыру 131,5 млн теңге бөлінді. Профильдік лагерьлер де жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, 21 шатырлы, 20 киіз үй лагерьлері де жұмыс істейді. Оған 4600- дей бала барады деп жоспарлануда.
Әйгерім Әбенова, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы
Осылайша жазғы кезеңде 984 лагерьде 110 277 бала қамтылады. Оның ішінде әлеуметтік осал 35389 бала. Ағымдағы жылы бағытымыз айти саласы. 12 күндік «Болашақ айти» лагерьлері жұмыс істейді. Үш бағытта қамтылатын болады.
Бұл ретте аймақ басшысы жаз уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейту керектігін айтты.
Алмаз Түкенов, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары
Білім беру органдарымен бірлесіп лагерьлерді күзету, өткізу режимдерінің және т.б. болуына тексеру жүргізілетін болады. Дайындық жүріп жатыр, барлық кемшіліктер бойынша біз актілер жасаймыз, бұған жауап береміз. Әр балалар лагеріне аймақтық учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері тағайындалды. Лагерьлердің орналасқан жерлері бойынша әрбір автобусты сүйемелдейтін боламыз, әрбір көлік құралын қызметкерлер толық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.
Бұдан бөлек, әкім балалар жүретін ойын және спорт алаңдарын қалыпқа келтіру керек екендігін де айтты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі аппаратынының инспекторлары ауылдарды аралады. Күн жылығаннан кейін балалар саны өседі. Сол алаңдарды қалыпқа келтіру бойынша тапсырма берілді. Оны дұрыс деңгейде орындалды деп айта алмаймын. Қызметтік жауапкершілікке тартамыз.
Аппарат жиынының екінші бөлігінде өңірдегі эпизоотикалық жағдай талқыланды.
Ағымдағы жылы облысқа 2 млн 922 мың доза ветеринарлық препарат жеткізілді. 2026 жылдың 4 айында ветеринарлық профилактикалық шаралар 100 пайызға орындалды деді басқарма басшысы. Соған қарамастан қолайсыз пункттер анықталыпты.
Облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне мал қорымы құрылысына жер беру мәселесін 1 маусымға дейін шешуді тапсырды.
Самал Қалиқызы