Достық үйінде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында жылу электр орталықтарының мәселелері қаралды. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы тұрғынүйлердің алдағы жылу маусымына дайындығының жайы да сөз болды.
Екібастұздағы жағдайдың қайталанғанын ешкім де қаламайды. Сондықтан, биыл облыс бойынша жалпы ұзынығы 50 шақырымға жуық жылу желісін жөндеу жоспарланып отыр. Оған жалпы 18,6 миллиард теңге жұмсалмақ.
Ержан Салханов, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Павлодар қаласы бойынша 19 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы сомасы 6,5 млдр теңге. Оның 6,8 шақырымы бюджеттік инвестиция бойынша жөнделсе, 4,1 шақырымы табиғи монполоиялар субъектісінің қаржысы ақылы жөнделеді.
Ал, Ақсу қаалсында 13 шақырым, Екібастұз қаалсында 17,4 шақырым жылу желісі жөнделмек. Барлық әкімдер биылғы жылу маусымы аяқталысымен жөндеу жұмыстарын бастап кетуге дайын отымыз деді. Қазіргі уақытта ақаулар анықталып, сынақ жұмыстарына дайындық жасалып жатыр.
Екібастұз қаласында жылу маусымына дайындық үш бағыт бойынша жүреді. Әуелі, станцияның өзі модерднизациядан өтпек. Жылу желілері жөнделіп, тұрғынүйлерді дайындау жұмыстары жүргізіледі. Ақауларды анықтау мақсатындағы темперетуралық сынақ жұмыстары 20-25 сәуірге, кварталішілік және магистральдық желілердегі гидравикалық сынақ 26-29 сәуірге жоспарланып отыр. Зақымдарды қалыпқа келтіру шаралары сынақ жұмыстарымен қатар атқырылатын болады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.
Нұрлан Дүйсенбинов, Ақсу қаласының әкімі:
Жылу желілерін күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары 15-сәуір күні басталды. Жалпы ұзындық 99 шақырым. Желілердің тозуы 64 пайызды құрайды. Күрделі жөндеуден бұрынғы гидравикалық сынақ мамыр айына жоспарланып отыр.
Осылайша биылғы жазда барлық әкімдерді қызу жұмыс күтіп тұр. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс жоспарын ертерек дайындап, шаруаларына тыңғылықты болу керектігін айтты.
Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова