Павлодарда Қазақстанда бұрын жасалмаған хирургиялық операция сәтті өтті. Жергілікті дәрігерлер оны Түркия елінен келген дәрігерлермен бірлесіп атқарды.
Қан тамырларына жасалаған ота елімізде алғаш рет. Бүгін төрт адам номері бірінші қалалық ауруханасында шебелік сағаты аясында денсаулықтарын дұрыстауға мүмкіндік алды. Жалпы атероктомия әдісі қан атмырына тұнып қалған шөгінділерді, қан тамырының зақымдалған бөліктерін қалпына келтіруге арналған әдіс.
Adil Polat, қан тамыры хирургиясының профессоры (Түркия):
Мені жаңа технологияның көмегі арқылы бірегей отаны жасау жолдарын көрсетуімді өтініп, осында шақырды. Бұл отаны тек баллонды катетер қолдану арқылы іске асырдық. Пациенттің жасы 54 те. Операция сәтті өтті. Бүкіл тамырларын тазаладық. Бұл операця емдеу процедурасының ең жеңіл кезеңі. Ең қиыны әрине оңалту кезеңі.
Профессор пациентке қалпына келу кезеңінде қимыл-қозғалысты көбейтіп, бұрынғы жағымсыз өмір салтын өзгертуге кеңес берді. Дәрігердің айтуынша, соңғы кезде қант диабеті, гипертоня сияқты ауру түрлеріне шалдықандар саны көбеюде. Бұл ота осы сырқатқа шалқыққандаға аса қажет.
Adil Polat, қан тамыры хирургиясының профессоры (Түркия):
Мен үшін осында болып, тәжірибе алмасқаным үлкен мәртебе. Бұндағы дәрігерлер кәсіби деңгейлерінің биіктігін көрсетуде. Бастысы олар не істеп жатқандарын біледі. Бұл дегеніңіз сырқатты жеңетін ең үлкен қасиет. Бұл отаның артықшылығы ешқандай тіліксіз атқарылатындығы. Жеңіл жолмен қам тамырларының зақымдалған аймақтары оңалады.
Самат Иманғазин, науқас:
Бүгін, міне, бірегей отаның алғашқы пацинеті болдым. Қазақстанда алғаш рет. Ешқандай ауырсыну сезінгем жоқ, бәрі қалыпты.
Павлодарлық дәрігерлер бұл әдісті жиі қолданып, науқастардың сапалы өмір сүруіне ат салысамыз деп отыр.
Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова