Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті. Оқиға Екібастұз-1 бекетінде болған. Машинст тежегішті басқанмен жүк вагонын тоқтату мүмкін болмапты. Салдарынан 2 жолаушылар пойызы мен жүк пойызы кестеден кешікті. Ал малын қараусыз жіберген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Ернар Маманов, Павлодар станциясы желілік полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

Соның салдарынан екі жолаушы поезы 1 сағат 20 минутқа және 2 жүк поезы 2 сағат 32 минутқа кешікті. Жедел іздестіру шаралары кезінде 41 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны анықталды. Ол үй жануарларын теміржол маңында бағу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 555-бабының 1 тармақшасы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Оған 5 АЕК айыппұл салынды.