Ақсу қаласында барлық ауылдың балуандары боз кілем төрінде кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Жыл сайын өтетін «Ақсу барысы» турнирі биыл да тартысты өтті. Бәсеке барысын бақылап қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Әжелердің ақ шашуы – балуандардың жолына деген адал риясыз тілек. Бәсекеге түсіп, биікті бағындырсам деген әрқайсысы сәттіліктен үмітті. Ал, ақсақал батасы көңілге демеу, жүрекке жылы.

Қазақ күресі Ақсу өңірінде соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Әсіресе қазақ күресіне құмар жастар саны артуда. Ақсу өңірі – кешегі Иманжүсіп сияқты алыптардың мекені. Бүгін де білекті балуандар өсуде.

Бұл «Қазақстан барысы» бәсекесінің аудандық кезеңі. Бұдан кейін балуандарды облыстық кезең күтіп тұр.

Асхат Окенов, «Ақсу барысы-2023» турнирінің бас төрешісі:

Бүгін Ақсу қаласының барлық ауылдарынан 14 балуан келіп отыр. Мамыр айында Павлодар облысында іріктеу болады Қазақстан барысына. Осыдан 2 балуан іріктеліп барады іріктеліп барады ғой. Бұнда барлығы жақсы дайындықта жүр. Бұнда 6 дүркін Ақсу барысы бар. Осы жылы да жақсы қарқында күресіп келе жатыр. Барлық балалар қазақ күресінне спорт шеберлігіне үміткерлер.

Ақсу - күрес түрі бойнша олимпиада жүлдегерін шығарған өңір. Алдағы уақытта да толағай табыстарға қол жеткізетін балуандар шығады деген үміт басым.

Жанасыл Серікбол