Павлодар қаласы әкімдігінің ғимаратына еңбек ардагері, құрметті энергетик Евгений Азаровқа арналған ескерткіш тақта орнатылды. Ұзақ жылдар Павлодар қаласының дамуына күш-қайратын жұмсаған ол өткен жылдың сәуір айының соңында өмірден өткен еді.
Шараға көз көрген әріптестері, бүгінгігі ізбасарлары мен туған-туыстары жиналды. Евгений Азаров 1933 жылдың шілде айында Тула қаласында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң, ол инженер-құрылысшы мамандығын таңдап, алдымен арнайы техникалық оқу орнында білім алды. Кейін инженерлік-құрылыс институтында оқуын жалғастырған. Ол еңбек жолында көптеген энергетикалық нысандардың құрылысына белсенді қатысты. Республика ғана емес, сол уақытта Кеңес Одағына танылған Ақсу МАЭС-інің құрылысына белсенді қатысуы.
Энергетика саласындағы табысты жұмысынан кейін ол мемлекеттік қызмет саласында да еңбек етті. Құрылыс, коммуналдық шаруашылық және байланыс салаларын басқарды. Оның қатысуымен Павлодар қаласының бас жоспары әзірленіп, қаланың қазіргі келбетін айқындалуына үлкен үлес қосты. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын нығайтуға, абаттандыруға және көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді.
Елена Азарова, Евгений Азаровтың қызы
Әкеміздің өмірден өткеніне міне бір жыл болды. Бұл әрине, біз үшін ауыр қайғы. Алайда, осындай еске алу шаралары жанымызды жұбатады. Әкемнің еңбегін еске алып құрметтеп жатқанына қуаныштымын.
Евгений Азаровтың туған-туыстары мен жақындары оның өмірі мен кәсіби жолын баяндайтын кітапты баспаға дайындап жатыр. Кітапқа әріптестері мен жақын достарының естеліктері де енеді.