Біздің елде сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқынды. 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама өз жұмысын жасап, келер жылға жаңа концепция құрылмақ. Ондай қандай мәселелер қаралатыны дөңгелек үстелде айтылды.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасына ұсыныстарды талқылау бойынша диалог алаңы құрылды. Оған өңірдің қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес бұл біріншіден сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық мәселелерге бас мән берілмек. Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күрес жүргізіледі.
Бүгінгі тұжырымдама келесі жылы күшін жояды, сондықтан оның жұмысын жалғастыратын, қоғам талаптарына сай келетін жаңа концепция құрылады.
Самал Қалиқызы