Шуақты мамыр айы мейрамдарымен де ерекше. Барша ел тұрғындары бұл айда үш бірдей мерекені атап өтеді. Айдың алғашқы күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні тойланады. Облыс әкімдігінде мамыр мернкелерінің мазмұны мен өткізу жайы талқыланды.
Мамыр мерекелері биыл жаңа сипатта тойланады. Жаңа Конституцияның мазмұнын бағдар етіп, Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін қамтиды. Алда келе жатқан үш мерекеге орай облыста ауқымды шаралар кешені жоспарланып отыр.
Әлнұр Сейдуманов, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы
Биылғы Қазақстан халқының бірлігі күні Жаңа Констиуциянцы іске асыру, оның негізгі қағидаттарын ілгерілету аясындағы маңызды оқиға болып табылады. Бұл мерекеде мемлекетіміздің унитарлы сипаты, шекарасы мен аумағының тұтастығы, әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты, адамның және азаматтардың құқықтары, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттары, мәдениет пен ғылым, инновация, табиғатты аялау сияқты бірегей нормлармен және ұлтты ұйымтыратын құндылықтар аясында дәріптеледі.
Осында рухта бірінші мамыр күні 500 ден астам іс-шара өтпек. Оған барлық мәдени мекемелер ат салысады. Қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, облыстық филармония ұжымы арнайы шақырылған "Made in KZ" тобымен бірге концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Ал, жетіншгі мамыр күні отан қорғау жолында еңбек етіп жүрген азаматтар құрметтеледі.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Музейлерде ерлік сабақтары, тақырыптық дәрістер, концерттер мен кездесулер жоспарланған. Сіздің қатысуыңызбен құрметті, Асайын Қуандықұлы, 6-мамыр күні Естай мәдениет сарайында сағат 11:00 де іс-шара жоспарланып отыр. Салтанатты іс-шараның жүргізушілері арнайы шақырылған Асаубек Айымбетов және Ақерке Бектас. Концерттік бағдарламада облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен шақырылған арнайы қонақтар Ұлттық ұлан ерлер хоры өнер көрсетеді.
Ал, 9-мамыр күні ерліктің үлгісі айтылып, соғыста қазақ тапқан боздақтарға тағзым жасалады. еске алу шаралары өтеді. Аймауытов тетарында «Жәмила» қойылымы ұсынылады. Осындай мазмұндағы қойылым Чехов театрында да болады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бірінші мамыр, жетінші мамыр және тоғызыншы мамыр үш мерекемізді жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Білім, спорт, мәдениет ұйымдары патриоттық шаралар ұйымдастырсын! Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары бірлесіп жәрмеңкелер мен қайырымдылық шараларын ұйымдастырсын. Құзіретті органдар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі тиіс.
Атаулы күндер елдің рухын шыңдап, елдік сезімін оятуы тисі деді аймақ басшысы.