Биыл Павлодар облысының халқы 3000-ға жуық адамға көбейеді. Жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден осышама азамат қоныс аудармақ. Бағдарлама арқылы бес жыл ішінде 12 мың адам көшіп келген. Ал, осы жылы қай мамандық иелері келеді? Бұл азаматтарға қандай жеңілдік қарастырылған?

Айбек Жақыпов Железин ауданына 2021 жылы Қызылорда облысынан қоныс аударған. Қазір ол аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде фельдшер болып еңбек етеді. Железиндегі маман жетіспеушілігінің орнын толтырып отыр. Айбек 4 баланың әкесі, жарымен 3 ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Жалпы өлкеге дәрігерлер мен мұғалімдер, ауыл шаруашылығы саласының мамандары қажет. Бұдан бөлек өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетем деген азаматтарға мемлекеттен грант беріледі. Биыл Павлодар облысына 463 несие бөлінген. Қазір 129 азамат бұл қаржыны алды. Жыл басынан 69 отбасы, яғни 366 адам көшіп келген.

Жандос Окенов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Жыл соңына дейін Павлодар өңіріне 2841 квота бөлініп отыр. Жыл аяғына дейін бұл квотаны орындаймыз деп ойлап отырмыз. Бүгінгі күнде жұмыстар жалғасуда. Қазір оқу жылының аяғы болғандықтан адамдардың көбі оқуын аяқтап, жазғы күндері көшіп келуге басты көп отбасы көшіп келеді. Активный фаза. Маусым шілде айларында.

Азаматтардың басым бөлігі Түркістан, Алматы, Қызылорда облысынан келеді. Былтыр 2500 адам қоныс аударған. Биылдан бастап Үкіметтің тапсырмасы бойынша Оңтүстіктен Солтүстікке көшіп келген азаматтарға 4 млн теңгеге дейін сертификат беріледі.

Жандос Окенов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Бұл ұтқырлық сертификат алу. 4 млнға дейін ақша беріледі. Пәтер сатып алу үшін. Немесе құрып алу үшін. Немесе ипотекалық несиенің алғашқы жарнасы ретінде екінші деңгейлік банктің түсіруге, аударуға болады. Бірақ 4 млнға дейін ақшамыз пәтердің 50 пайызын қамти аламыз.

Бұдан басқа да көмектер қарастырылған. Әр отбасының мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 241 мың төленеді. Алайда басты талаптардың бірі – отбасындағы 1 адам міндетті түрде жұмысқа қабілетті болуы қажет.

Жандос Окенов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Ерікті қоныс аудару болғандықтан біз бұл азаматтарды мәжбүрлей алмаймыз. Осы ауданға барыңыз деп. Бүгінгі күнде барлық аудандырамыз бен 3 қаламызда ауылдық жерлерде бізде квота бар. Ол жаққа бару мәселе емес. Өздеру таңдайды. Ешқандай мәжбүрлеу болмайды.

Сонымен қатар, қоныс аударған азаматтар кем дегенде бес жыл Ертіс өңірінде тұруы қажет. Егер көшіп кеткен жағдайда мемлекеттен алған көмекқаржыны қайтаруы тиіс. Бұл бағдарламада белгіленген шарт. Биыл облысқа Қытай, Моңғолия, Ресей елінен де 932 қандас көшіп келеді. Бүгінде 192-і келген, 60 азамат құжатын рәсімдеп жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы