Павлодар облыстық көркемсурет музейінде екі елді байланыстыратын «Париж-Павлодар» көрмесі ашылды. Дәстүрлі өнерден заманауи өнерге бет бұру барысын тілшіміз тарқатсын.

Бұл көрменің авторы – ОАН лақап атымен танымал, жас суретші Аннабель Нойфельд. 2004 жылы Германияда дүниеге келген өнерпаз балалық шағын Павлодарда өткізген. Ал, қазір Францияның Париж қаласында білім алып жатыр. Бұл - суретшінің алғашқы көрмесі.

Ольга Пашко, Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қор сақтаушысы

Бұл суретшінің алғашқы жеке көрмесі. Көрме ерекше, қызықты. Бейнелеу өнерінің классикадан замануи кезеңге ауысуы көрініп отыр. Суретші қоршаған ортамен әңгімесін осы бейнелерден көруге болады. Әрине жасалатын дүние көп, бұл эксперимент түрінде. Бірақ іргетас бар, әлі суретші қалыптасады. Бұл бейнелеу өнерінің заманауи түрі.

Көрмеде кескіндеме, графика және инсталяция бағытындағы туындылар қойылған. Айта кетейік, көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облыстық филиалымен біріге ұйымдастырылған. Ассамблеяның 30 жылдығына арналып отыр.

Ольга Пашко, Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қор сақтаушысы

Мында күріш қағазы, қағаз, акварель, майлы бояу, кенеп қолданылған. Екі инсталяция мен кескіндеме қойылған. Күріш қағазынан 20 жұмыс бар. Жалпы көрмеде 50 материал орын тепкен.

Көрме тамыз айының ортасына дейін жұмыс жасайды.

Самал Қалиқызы