Май ауданында «Жасыл ел» жасағының жастары экологиялық акцияларға ғана қатысып қоймай, сауапты іспен де айналысып жүр. Олар ауылдың жалғызбасты жандарына қолғабыс болуда. Толығырақ тілші сюжетінде.

Мұратбек Жанаев Көктөбе ауылының тұрғыны. Жалғызбасты ақсақалдың үйінің аумағын тазалап, шөптерін жұлу үшін «Жасыл ел» жасағы көмекке келді. Жастар бар жоғы бірнеше минуттың ішінде аумақты тазалалады.

Мұратбек Жанаев, Көктөбе ауылының тұрғыны

Міне бүгін келіп волонтерлер келіп, еріктілір келіп, жарты сағаттың ішінде шөптін бәрін жұлып, істеріне сәттілік тілеймін. Ауылдың бәрін тазартып жүреді, естіп көріп жатамыз. Жақсы. Рахмет айтамын.

«Жасыл ел» жасағы жастарды ерте жастан еңбекке баулуға бағытталған. Жасақ мүшелері елдімекенді абаттандырып, тазалап қана қоймай, қарияларға да көмек қолын ұсынады. Оған қоса, ата аналарына септесіп, қажеттіліктерін өздері өтеуде.

Ерболат Қадір, «Жасыл ел» жасағының мүшесі

Осы жылы жасыл елге кіріп тұрғаным бірінші рет. Жасыл ең бірінші жастарды біріктіру, жастарды қолдау деп есептеймін. Мысалы біз жасыл елде жұмыс жасап жатқан кезде жалғызбасты үлкен кісілерге көмектесеміз, көшелерді жинаймыз, барлық волонтерлік қызметтермен айналысамыз. Пайдасына келетін болсақ ол бірінші ата анамды қатты уайымдатпаймын, өз ақшам болады, өзім киінемін деп айтуға болады. Мысалы мен 9 сынып бітірдім, өзім ақша тапқым келеді. Яғни жасыл елге сол үшін кірдім деп есептеймін.

Айта кетейік, Май ауданының «Жасыл ел» жасағына биыл 60 бала қабылданды. Олар екі маусымға бөлінеді. Әр балаға бір маусымға 100 мың теңге төленеді.

Елдар Қаузхан, Май аудандық «Жасыл ел» жасағының командирі

Бізге осы 2025 жылға Жасыл ел бағдарламасына 90 өтініш түсті. 60 баланы қабылдадық. Отыз отыздан бөлінеді. Бірінші маусымға 30 бала келді, екінші маусымға 30 бала келеді. Шілде және тамыз айларында жұмыс атқарады. Біз жасыл ел бойынша ауылдың көшелерін көркейтуге, саябақ, орталық алаң, өзен жағалауын тазалап, шөптерін жұлып, абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Жалғызбаста адамдарға барамыз, осылай барлығын істейміз.

Осылайша ауыл жастары таңнан кешке дейін телефон шұқылап, пайдасы жоқ ойындарда отырмай ел игілігі мен қоршаған ортаны қорғау үшін жұмыс жасап жатыр.

Самал Қалиқызы