Соңғы уақытта балалар арасында ерекше ойыншық — Лабубу үлкен сұранысқа ие. Бейнесі өзгеше, көзқарасы мен күлкісі қалыпты қуыршақтарға ұқсамайтын бұл кейіпкер бүгінде сәнге айналып отыр. Алайда, мамандар бұл ойыншықтың бала психологиясына және денсаулығына кері әсері болуы мүмкін айтуда. Көптің пікірі қандай? Мамандар не дейді? Келесі бейнематериалда көрейік.

Соңғы айларда Қазақстанның ірі қалаларындағы ойыншық дүкендерінде бір ғана кейіпкер көпшілік назарында. Оның аты – Лабубу. Қытайлық компания шығарған бұл ойыншық бүгінде балабақша жастағы бүлдіршіндерден бастап, жасөспірімдер қызығады. Қарапайым қуыршақтан өзгеше, әрі күлкісі де ерекше бұл кейіпкер кей ата-аналарға үрей туғызуда.

Алмагүл Байсадуова, психолог

Лабубу ойыншығы қазір соңғы 2-3 айда танымал боылп жатыр.Ол ешқандай кейіпкер емес,суретшінің идеясынан туындаған кейіпкер.Оның көзі күлкісі басқаша. Қуыршақтың бейнесіне сай емес.Бұл балалардың психологиясына әсер етуі мүмкін.Т.нде түсіне кіріп қорқыныш сезімін тудыруы мүмкін.

Маманның айтуынша, мұндай ойыншықтардың психологиялық және физиологиялық әсерін ата-аналар ескеріп, балаларына оның ерекшелігін жас ерекшелігіне сай түсіндіруі қажет. Сондай-ақ ойыншықтың қайда және қандай материалдан жасалғанына ерекше көңіл бөлу керек.

Алмагүл Байсадуова, психолог

Енді зияны оның сапасына байланысты. Оның түпнұсқасы өте қымбат тұрады.Кез-келген дүкендерде қазіргі уақыттарда қолжетімді.Синтетикалық заттар баланың тері ауруына шалдығуына әкелуі мүмкін.Арзан зат болғандықтан.

Кейбір ата-аналар Labubu-ны балалар сұраған соң ғана алғанын айтса, енді бірі мүлде қарсы. Ойыншыққа деген көзқарас қоғамда әртүрлі.

Labubu – жаһандық мәдени феноменге айналып үлгерген ойыншық. Ол бір жағынан сән мен тренд болса, екінші жағынан — психологиялық және физикалық қауіптер тудыруы мүмкін тауар. Ата-аналар бұл үрдісті тек сән ретінде қабылдамай, ойыншықтың шынайы құндылығын және ықтимал зиянын ескергені жөн.

Дильназ Қуанышбекқызы