Май ауданы Көктөбе ауылында жылқы шаруашылығы дамып келеді. Шаруалар жылқы өсіріп қана қоймай, оны кәсіпке айналдырып отыр. Қымыз өндіріп, алыс-жақын жерлерде сатып келеді. Толығырақ тілші сюжетінде.
Көктөбе ауылында өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатары артуда. Шаруалардың кәсібін ата-дәстүрмен ұштастырғаны көңілге демеу береді. Мысалы бұл отбасы қазір бие сауып, қымыз өндірумен айналысады.
Ерке Болатхан, Көктөбе ауылының тұрғыны
Жалпы бұрындары ата енем осы қымызбен айналысқан. Содан кейін жолдасым 3-4 жыл бұрын жылқы басын көбейтіп, бізде қымызбен айналысуды шештік. Үш жыл болды сауып келе жатырмыз. Астана, Ақсу, Екібастұз қалаларына жібереміз. Тойларға алады кісілер, дүкендер, қымызханалар алады.
Қазір жас кәсіпкер Ерке Болатхан күніне жиырмаға жуық бие сауады. Жолдасы асау жылқыларды сауынға үйрету үшін байлап қойған. Оның өзі біраз уақытта қамтиды. Бір қарағанда жылқы шаруашылығы жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл жануар күтіп, баптауды да қажет етеді.
Ерке Болатхан, Көктөбе ауылының тұрғыны
Мамыр айынан бастадық. Жылқылар туа бастағаннан кейін. Таңғы бестен тұрамыз. Жылқыларды қырдан айдап алып келеміз. Байлағаннан кейін 1-2 сағаттан кейін сауын басталады. Күнінен 6-7 сауын болады. Бір сауында 15-20 литр беруі мүмкін.
Осылайша шаруалар күніне 60-70 литр дайын қымыз алады. Қымыз әзірлеу процесі әлбетте уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Себебі әр сағат сайын сауып, оны пісіп отыру да оңай емес.
Ерке Болатхан, Көктөбе ауылының тұрғыны
Бірінші күбідегі дайын қымызды бөтелкелерге құйып аламыз, күбіні жуып кептіріп аламыз. Күбі дайын болғасын свежий қаймақты жағып, қайынмен ыстаймыз. Түтінмен. Саумалды сол күбіге құямыз. Қымыздан 1-2 литрдей ашытқы құямыз. Ашыту мақсатында. Әр сауған сайын құйып отырып, 50-100 рет пісіп отырамыз. Кешке дейін солай қолымен пісіп отырамыз. Кешке аппаратты қосамыз, таңертең де аппаратты қосамыз 1-2 сағатқа. Ол өзі піседі. Сосын қымыз дайын болады.
Қымыз бие сүтінен дайындалатын шипалы сусын. Оның пайдасын жылдар бойы ғалымдар зерттеп тастаған. Әсіресе жаңа сауылған бие саумалының пайдасы денсаулыққа орасан зор. Қазақ білгендей, әркез дастарханынан қымызға орын тапқан.
Ерке Болатхан, Көктөбе ауылының тұрғыны
Қымыздың пайдасы көп. Ата бабамыздан келе жатқан кәсіп қой. Ас қортығу ажқасы, асқазан ішек құрылысына жақсы. Жүйке жүйесіне жақсы. Адам жақсы ұйықтауына, мидың жақсы демалуына жақсы әсер етеді. Иә, саумал бар. Бірінші сауыннан келеді ол кісілер. 1-2 литрден алып отырады. Кейбір кісілер осында да ішіп кетеді сразу. Саумал пайдалы, асқазан, онкология кезінде пайдалы. Балаларына береді саумалды тұмау кезінде жақсы көмектеседі.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер жылқы басын көбейтіп, қымыз өндіруді бір жолға салып, кеңейтіп кәсіп етіп дамытпақ.
Самал Қалиқызы