Павлодар облысында Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған шаралар легі басталды. Ертіс ауданында ұлттық спорт түрлері мен айтыстың бірінші кезеңі өтсе, Павлодар қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Алматы, Астана қалаларынан арнайы шақырылған қонақтар мен Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, саңлақ серінің ұрпақтары қатысты.
Иса Байзақов Сарыарқаның дүлдүлі атанған жампоз ақын. Саңлақ сері. Жиырманшы ғасыр басында қазақтың дәстүрлі айтыс өнерін және жазба әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ертіс бойының ұланы сан қырлы өнерпаз ретінде қазақ мәдениетінің тарихынан орын алды.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Оның өршіл рухты жырлары мен сырлы әндерді қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алады. Болашақ ұрпақ үшін рухани азық. Облыс әкімі Асайын Қуандықұлы және өз атымнан Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған той құтты болсын деймін. Ақын шығармашылығы ұлт мәдениетінің алтын қазынасы болып жарқырай берсін! Баршамызға той құтты болсын!
Дала дүлдүлінің дүбірлі тойына арнайы қонақ ретінде келген ақынның немерелері Құралай және Қырмызы Байзақоваларға облыс әкімі атынан құттықтау табысталып, құрмет көрсетілді.
Құралай Байзақова, Иса Байзақовтың немересі
Біздің отбасымызда барлық балалардың, немерелердің аттары атамыздың поэмаларымен байланысты. Мен Құралаймын. Менің сіңлім Қырмызы «Қызмызы-жанай поэмасынан. Менің қызым Еркежан. Сондай дәстүр бар отбасымызда. Кезінде 90 жылдығы тойланды. Сосын 100, 110 жылдығы. 120 жылдығы онайн тойланды. Өзімізде ниасхаттап жатырмыз. Көптеген кітаптар шығып жатыр. Биыл 3 кітап дайындап жатырмыз. Қазақ тілінде бірнеше рет шыққан атамыздың шығармалары. Поэмалары. 70 жылдай орысша шықпаған. Биыл поэмаларын орысша шығарып жатырмыз. Көп ұлттар таныссын деп.
Өрелі өнерді өрге сүйреп, дауысымен дауыл тұрғызып, жырымен жаңбыр себелеткен жампоздың рухты жыры бүгінгі буынға қуат береді. Қолына домбыра алған әнші, сөз алған айтыскер, қалам ұстаған ақын іштей Исаның есімін айтып әруақтанады.
Аманжол Әлтаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаев туған, әулиеліктің шыңына жеткен Мәшһүр Жүсіптің иелі табаны тиген қасиетті төрде, сонау Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді ұлттық әдебиетіміздің тау тұлғалары туған осынай өлкеде Иса байзақов сияқты дала дауылпазының дүниегек елмеуі мүмкін емес еді. Қазақта «Сегіз ұырлы, бір сырлы» деген сөз бар. Осы сөз арнайы Иса Байзақов атамызға арналғанс екілді болады да тұрады.
Керекудегі дүбірлі тойға алыс-жақыннан қонақтар көп келді. Депуттар мен қатар Алматы қаласынан зиялы қауым өкілдері де ат басын бұрды. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редактор, Қазақстан жазушылар Одағы басқаррасының хатшысы Бауыржан жақып төраға атынан облыс әкіміне құттықтау хатын табыстады.
Иса Байзақов әдебиет, ән өнерінен бөлек, театр өнерінің қалыптасуына да мол еңбек сіңірген бірегей тұлған. Композиторлығы бөлек құбылыс. Оның қалыптастырған желдірме жанры бүгінде ән өнерінің алтын қазынасы.
Жанасыл Серікбол