26 шілде күні Павлодар облыстық онкологиялық орталығында кезекті ашық есік күні өтеді. Осы жолы саркома ауруының алдын алуға арналып отыр. Қазір өңірде аталмыш сырқатпен 45 адам есепте тұр екен.
Саркома - бұл дененің әртүрлі жерлерінде пайда болатын қатерлі ісіктің түрі. Жұмсақ тіндердің саркомалары жүйке, май, бұлшықет, қан тамырлары, терең тері ұлпалары немесе талшықты тіндер сияқты жұмсақ тіндерде дамиды. Осы ретте ауыр сырқаттың алдын алу үшін ашық есік күні болады.
Сергей Борисенко, Павлодар облыстық онкологиялық орталығының бөлім меңгерушісі
26 шілде күні таңғы 9-дан күндізгі бірге дейін біздің онкологиялық орталықта ашық есік күні болады. Кез келген тұрғын алдын алу жазылусыз, жолдамасыз тек куәлігімен қабылдауға келе алады. Осыған дейін томография, МРТ, КТ, ультро дыбыстық зерттеулерінің нәтижесі болса, ала келуге болады.
Қазір облыстық онкологиялық диспансерінде саркомамен 45 адам есепте тұр. Жылдың басынан осы диагнозбен 2 адамда жаңа жағдай тіркелді.
Самал Қалиқызы