Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Қазір негізгі жұмыстардың бәрі аяқталған. Мердігер мекеме тамыздың 15-не дейін жұмысты толық аяқтап, білім ордасын жаңа оқу жылына дайын қыламыз деп отыр.
Бұндағы жұмыста сәуір айында, уақытынан еш кешікпей басталған. Оған себеп, мектеп жанындағы интернат. Оқушылар соған көшіп, мердігерлер емін-еркін жұмысты бастап кетуге мүмкіндік алыпты. Нәтижесінде қазір жұмыстың шамамен 80 пайыздан астамы орындалған.
Ізбасар Молдаханов, мердігер мекеме өкілі
Алпыс жыл болған мектептің ішкі-сыртқы жұмыстарын, ремонттарын қалпына келтіру. Дәліздерді, полды жөндеу. Мың квадраттан артық кафель орнаттық. Төрт жарым мың квадраттай қабырға сылақ жүргізілді. Үш жарым мың квадрат көлемінде армстронг орнатылды. Электричество толық жабдықталды. Одан бөлек сыртқы сылақ жүргізілді. Шатыры толық ауысты. Мектепті алдына брусчаткалар орнатылып, іргетесы нығайтылды. Істелген жұмыстар осы.
Әрине, бәрі толық аяқталған жоқ. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, әлі 20 пайыздай жұмыс бар. Жұмыстың аяқталу мерзімі 15-тамыз. Оған дейін үлгереуге бар күш-жігерлерін салуда.
Ізбасар Молдаханов, мердігер мекеме өкілі
Қиындықтар, ешқандай кедергілер болған жоқ. Уақытынды әр құрылыс материалы келіп тұрды. 50 ден аса жұмыскерлер еңбек етті. Оның елу пайызы ауыл тұрғындары болды. Табыс тапты. Қазір 20 адамдай еңбек етіп жатыр. Оның жартысы ауылдың тұрғылықты халықтары.
Білім қазіргі уақыттың ең қымбат капиталы. Ал, ауыл балаларының осынау қазынаға алаңсыз ие болуы – ел болашағы үшін жасалған ең дұрыс қадам.
Жанасыл Серікбол