Павлодар ауданы Ольгинка ауылының 48 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі бүгін облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды.

Қылмыстық іс жабық түрде қаралды. Жәбірленуші қыз болған жайтты наурыз айында мектеп психологына айтып берген. Мамандардың айтуынша, ол ұзақ уақыт қорқынан үндемей келген. Себебі, өгей әкесі өлтіремін деп айтқан.

Нұрлан Айтбаев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші Байдель өзінің заңды өкілі, адвокат, педагог және педагог-психологтың қатысуымен берген жауабында Малярмен жыныстық қатынас оның еркінен тыс, яғни күштеп болғанын айтты. Зорлау барысында Маляр оны өлтіремін деп қорқытқан.

Қылмыс жасалған кезде қыз бала небәрі 13 жаста болған. Ол анасымен және өгей әкесімен бірге тұрған. Отбасында басқа да балалар тәрбиеленуде. Ер адам ауылда малшы болып жұмыс істеген. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ, тіпті «барлығы өз еркімен болды» деп айтты. Бірақ сотталушының кінәсі айғақ, іс бойынша жүргізілген сараптама және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

Нұрлан Айтбаев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы

Сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы мұғалімдік сияқты педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жазасын ең қатаң режимдегі түрмеде, яғни қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді.... системы черезвучайной бесопасности.

Бұған қоса ол жәбірленушінің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 117 мың теңге моральдық өтемақы төлейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 Әйгерім Тоқпанқызы