Экологиялық кодекс талаптарына сай өңірдің 15 кәсіпорны автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізуі тиіс. Алайда кейбір алпауыт мекемелер заңнаманы орындамай, бұзушылық жасаған. Жалпы өңірдің экологиялық ахуалы қандай? Тілші әңгімесінде.
Павлодар – индустиралды өңір. Облыста еліміздегі ірі он кәсіпорын шоғырланған. Олардың өндірістік қызметі қоршаған ортаны ластайтыны анық. Бұл кәсіпорындардан жылына 700 мың тонна қалдық ауаға таралады екен.
Сондай-ақ, экологиялық кодекске сай, өңірдің 15 кәсіпорны қоршаған ортаға таралатын зиянды заттарды онлайн бақылап отыратын арнайы автоматтандырылған жүйе орнатуы керек. Оның үшеуі — лас суларды, ал қалған 12-сі — ауаға шығатын зиянды қалдықтарды бақылауға міндетті. «Павлодар су арнасы», Екібастұз ЖЭО және ГРЭС-1 – автоматтандырылған бақылау жүйесін әлі орнатқан жоқ. Негізгі себеп – қаржы тапшылығы.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Автоматты түрде орталық базаға шыандылармен тастанды суларды. Үш мекеме мен жаңа айттым. Біздің Водоканал, Екібастұздың жылу орталығы ГРЭС 1. Олар енді мына бюджеттік мекеме болғандықтан халықпен тығыз болғандықтан тұрмысына әсер еткендіктен жол картасы құрылды бүгінгі күні мекеме өз мойнына алып, қалған мекемелер істеп тұр. Қаржыландыруға байланысты. Бұл АСМ құрылғылары өте көп қаржыны талап етеді. Алдын ала бюджеттеріне салынбаған осы мекемелерге жұмысты бастамаған үшін айыппұлдар салынды. Жол картасы құрылып сол бойынша жұмыс істеп жатыр.
Бұған қоса спикер көктемде Уштерек ауылы маңында “Ақсу су арнасы” мекемесінің қалдық су төккен жағдайына қатысты пікір білдірді. Аталған кәсіпорынға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Тиісті нұсқамалар беріліп, олар орындалды.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Ақсудағы жағдай бойынша көктмеде, су тасқынына байланысты. Үштерек ауылы маңында құйындыларды төгетін жеріне өздері ашып картаға жіберген. Соц сетьтен көріп тексеріс ашылып, тиісті штраф салынды. Және оған артық салалаларын устранить ету үшін предписание бердік. Сол орындалды. Бүгінгі күнде енқандай қауіп жоқ ол жерде.
Айта кетейік, өңірінде экологиялық жағдай тұрақты болғанымен, әлі де шешуді талап ететін мәселелер жоқ емес. Бұл автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу, заңсыз қалдық алаңдарын жою және кәсіпорындардың экологиялық талаптарды толық орындау тиіс. Биыл мемлекеттік бақылау аясында 49 тексеріс жүргізіліп, экологиялық талаптарды бұзудың 57 дерегі тіркелді.
Әйгерім Тоқпанқызы