Мемлекеттік қолдау бәріне қолжетімді. Осындай атпен мүгедектігі бар азаматтарға ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Онда мемлекет тарапынан қандай қолдау бар, негізгі шарттары қандай, сол айтылды.
Мемлекеттік қолдау мүгедектігі бар азаматтарға да қолжетімді. Осы ретте мүмкіндігі шектеулі жандар жастар бастамаларын дамыту орталығында мемлекеттік орган өкілдерімен, Даму қоры және Атамекен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті. Қала тұрғындары спикерлерге сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Бауыржан Шоманов, кәсіпкер
Мен кәсіпкер дөңгелек жөндейтін аумақ, асхана, намазхана және үстінде хостел салғым келеді. Қазір сертификат жеңіп алдым. Бүгінгі кездесуде қызықтырған сұрақтардың барлығын қойып, қажетті жауап алдым.
Кездесудің негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы жандарды, оның ішінде мүгедектігі бар азамттарды қоғамға қосып, өз кәсібін ашуға көмектесу.
Юлия Петрусева, Павлодар облысы әкімінің мүгедектер ісі бойынша инспекторы
Бүгін бізге арбаға танылған мүгедектігі бар азамат жүгінді. Бірақ бұл кісі өте белсенді. Кәсіп ашқысы келеді, бизнес идеясы бар. Сондықтан ол мемлекеттік қолдауды түсіндіру мақсатында осындай шара өткізуге итермеледі. Мемлекеттік қолдаудың қалай кімге берілетінін білдік. «Даму» қоры мен «Атамекен» палатасының мол ақпарат берді. Әрине мүгедектігі бар азаматтарға шектеу жоқ бірақ қандай да бір кәсіпті бастау үшін кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі болу керек.
Кезекті бағдарламалардың бірі әлеуметтік осал топтағы жандарға арналған. Ол үшін бар болғаны жұмыссыз статусы расталып, ерекше идеялы жобаңызды қорғау керексіз.
Гүлден Болатова, мансап орталығының маманы
Бізде әлеуметтік осал топтағы жандарға арналған мемлекеттік бағдарлама бар. 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Оны көпбалалы отбасылар, мүгедектер, қантастар, мүгедек балаларды асырап отырған азаматтар ала алады. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркеліп, статус алу керек. Онлайин оқудан өту керек. Бизнес жоспар әзірлеу керек. Сосын жобаны қорғап шығу керек.
Осылайша жобаңызды қорғап, қайтарымсыз 1,5 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болуға болады. Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуға арналған.
Самал Қалиқызы