Аққулы ауданындағы ауылдардың бірі – Шарбақты соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәселен биыл ауылдың төрт көшесіне асфальт тартылып, пайдалануға берілді. Қазір бұл жол халықтың игілігінде.

Жол жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Ауылдың төрт көшесіне асфальт төселіп, бұрынғы шұрық-тесік, ойлы-шұңқырлы жолдар жаңарды.Бұл тек бір ауылдың емес, ауданның дамуына оң әсер ететін маңызды қадам. Өйткені, жол — тіршілік тамыры. Тұрғындардың жүріп-тұруы жеңілдеп, ауылға қатынайтын көлік қозғалысы да қауіпсіз әрі ыңғайлы бола түсті.

Әсет Жылдыбаев, Шарбақты ауылдық округінің әкімі

Өзіміздің Павлодардың мердігерлері төрт көшеге асфальт төседі, орташа ремонт 211 млн 370 мың теңгеге жасады. Енді олар ертерек бітіріп, 1 ай ішінде июнь айында аяқтап кетті жұмыстарды. Знактардың бәрін қойды, 4 км 160 метр. Заказчик біз ауылдық округ болғаннан кейін, уақытымен аяқтап берді. ТОО-Аза деген Павлодарға таныс. Бәрі жоба бойынша, керемет істеді. Ауылдың бәрі риза, ауылға кіріп кһрмеген ғой асфальт деген.

Ал өткен жылы Төсағаш ауылында 14 шақырым асфальт төселген. Шарбақты ауылында мыңға жуық халық тұрады. Елдімекеннің тыныс-тіршілігі тұрақты, 40-тан астам щаруақожалық бар, кәсіпкерлікте қарқынды дамуда.

Әсет Жылдыбаев, Шарбақты ауылдық округінің әкімі

Проблема жоқ деп айтпаймыз. Оның бәрін уақытылы шешіліп, тырысып жатырмыз. Аудан басшылары көмектесіп, жақсы результаттар болып жатыр. Ауылда міне қарағайымыз бар, өзен міне, лечебный тұз дейміз өзіміз, соның бәріне қаладан кісілер келіп жатады. Ауылымыз тынышы, мына кешкілікті асфальтпен апайлар, әжелеріміз немерелерімен қыдырып жүреді, 95 пайыз жарықтандырылған. Қазір керемет, түнде де жап-жарық.

Жергілікті халық бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Көп жылдан бері асфальт көрмеген көшелердің жаңаруы ауылдың көркіне көрік қосып, тұрмыс сапасын арттырмақ.

Гүлшара Темірғалиева, Шарбақты ауылының тұрғыны

Асфальтіміз міне биыл бұйырып тұр, көшеоеріміз тура цивилизацияға айналды. Соған көптен-көһп рахмет, ауылымыз көркейіп келеді. Осы бізге істеген жақсылық еселеніп қайта берсің, абыройлары артсын, дәулеттері тасысын, өмір жастары ұзақ болсын, 100 ге келсін.

Бұл – елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі.Алдағы уақытта да жоспарлар көп.

Қымбат Садық