Павлодарда мемлекеттік орман қоры аумағына заңсыз қоқыс тастағандар іздестіріліп жатыр. Қоқыс үйіндісі Шарбақты көпірі маңындағы орманшылыққа тасталған.
Пайдаланылған күнбағыс майының бөтелкелері, өзгеде тұрмыстық қалдық түрлері қала іргесіне Мемлекеттік орман қорының жанындағы Павлодар орман шаруашылығының аумағына лақтырылған. Орманшылар бұл әрекетке кафе иелерінің бірі баруы мүмкін екендігін болжайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін дәмхана иесінен қоқысты өз еркімен шығаруды сұрайды.
Орман қорғаушыларының айтуынша, қоқыс әкелген Газель бақылау камерасына түсіп қалған. Қазір жүргізушінің жеке басын анықтау үшін бейнежазба зерттеліп жатыр.
Жанасыл Серікбол