Май ауданында биыл екі-үш инвестициялық жоба жүзеге асады. Жаңа жобалар суармалы жер аумақтарын арттырып, көкөніс қоймаларын қолданысқа беруге мүмкіндік береді. Толығырақ тілші сюжетінде.

Май ауданының әкімі Қадылжан Сәтиев инвесторлармен кездесті. Дөңгелек үстелде жергілікті атқарушы органдар мен инвесторлар алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі елдімекендердің өсімдік, мал шаруашылығына ыңғайлы екенін айтты. Жер мен шөп құнарлы, су - жеткілікті.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Біздің аудан Ертіс өзені бойында орналасқан. Ол көптеген мүмкіндік береді. Электрэнергия тапшылығы жоқ. Бос, пайдаланылмайтын жер аумақтарының кәдеге жарағаны дұрыс. Жыл сайын 100-200 гектарға дейін суармалы жерді енгіземіз.

Жаңа келген инвестор құжаттарды рәсімдеу бойынша 2-3 айдың көлемі кеткенін айтты. Ол өз кезегінде келер жылы жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.

Қанатбек Үзембаев, «Сапар-жер» ЖШС басшысы

Май ауданында 700 гектар суармалы жер бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. 2025-2026 жылдары жоба жүзеге асуы тиіс. Картоп, сәбіз өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Қаражат өзімізден және қосымша коммерциялық қарыздар алынады. Қазір жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жер учаскесінің пайдалану мақсатын өзгертетін боламыз.

Қазіргі уақытта ауданда 500 гектардан астам алқапқа су жеткізілген. Алдағы екі жылда барлық агрожобалар іске асырылғаннан кейін суармалы жер көлемі сегіз мың гектарға дейін ұлғаяды. Май ауданының шаруалары суару жүйесінің арқасында мал шаруашылығынан өсімдік шаруашылығына көшу үрдісін байқап отыр. 2027 жылға дейін «Ақжар-Өндіріс» ЖШС Бозша ауылы маңында 400 гектар, ал «Сапар-Жер» ЖШС Көктөбе ауылының жанында 750 гектар жерді іске қосуды жоспарлап отыр. Екі компания да көкөніс өсіруді мал шаруашылығымен ұштастырмақ.

Медет Бақауов, Май ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Ауданымызда екі жоба жүзеге асады. Екі жоба жүзеге асты. Ол суармалы жерге ИИҚ тартылды. Наурыз айында берілді. Жыл соңына дейін 4,5 мың гектар беріледі. Онымен қатар, бізд екі жоба 750, 400 гектар дейін суармалы жерлерді енгізу 2027 жылдарға дейін. Сонымен қатар, көкеніс сақтау қоймалары салынып жатыр. Қосымша 15700 тоннаға дейін салынады іске асады.

Май ауданында 14 шаруа қожалығы суармалы жермен, 300 ШҚ өсімдік шаруашылығымен айналысады. Ауданда көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай, қарқынды жүргізілді, дейді бөлім басшысы. Арзандатылған дизель отыны шаруаларға уақытылы берілді.

Самал Қалиқызы