Бүгінде әлемдегі ең танымал спорт түрі: футбол қыздар арасында да қарқын алып келеді. Павлодарда былғары доп ойынының мықтылары бақ сынасты.

Облыс орталығында өткен «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық турнирінде 7-8 сынып оқушылары күш сынасты. Ең үздік қыздар құрамасы атану үшін еліміздің әр аймағынан 14 команда өңірімізге ат терлете келді. 8 команда бірлескен ойын өрнегін көрсетеді.

Георгий Негоден , төреші:

Үздіктер деп Павлодар облысының өкілдері Екібастұз командасын айтар едім. Шымкент пен Маңғыстау құрамасы да жақсы ойын көрсетіп жатыр. Турнир өте қызықты. Ең бастысы жарақатсыз. Ойыншылар қуанышты, бәрі көңілден шығып жатыр.

Кеншілер шаһарынан келген ұжым мықтылар қатарында. Облыстың намысын қорғайтын екібастұздық спортшы Жанель Дүйсенғұлова байрақты додаға ұзақ уақыт дайындалған. Келешекте бұдан да ауқымды жарыстарда өнер көрсетуді мақсат етеді.

Жанель Дүйсенғұлова, қатысушы:

3-4 ай дайындалдық. Бірінші қалалық жеңдік, облыста 1-ші орын алдық. Қазір Республика деңгейінде ойнап жатырмыз. Мен бұрында қатты қызықпайтынмын футболға. Бірақ ойнай бастаған соң жақсы көріп кеттім. Болашақта та қатысқым келеді.

Қатысушылар грамота және медальдармен марапатталатын болады. Ал финалдық сынның жеңімпаздары бұл доданың басты марапаты – кубок еншілейді.

Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров