Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылында Жеңістің 78, Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновтың туғанына 110 жыл толуына орай ауқымды шара өтті. Шара аясында батыр ескеркішіне гүл шоқтары қойылды. Ауыл жанында қаз-қатар киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарлама мен спорттық сайыстар өтті.
Серікбай Мүткенов Ұлы Отан соғысында айрықша ерлігімен танылған батырлардың бірі. Дүниеге келгеніне 110 жыл толуына орай облыс жұртшлығы мен туған-туыстары жиналып, ауқымды шара өткізді. Алдымен батыр атындағы мектеп ауласындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Ерлікке бір минуттық үнсіздік арқылы тағзым жасалды.
Әрмен қарай жиналғандар мектеп ішіндегі музейге бас сұқты. Онда батырдың өмірі мен ерлік ісіне қатысты мұралар сақталған.
Балғабек Әлижанов, Серікбай Мүткеновтың немере інісі:
Мемлекеттік деңгейде, облыстық, аудандық деңгейде әрине біздің батыр атамыздың есіміз ешқашан ұмытқан емес. Расында «ер есімі ел есінде», «ешкімде ештеңе де ұмытылмайды» деген сөзің куәсіндей батыр атамызға 10 жыл сайын үлкен бір шара ұйымдастырып жатады. Ол әрине өзіміздің елдің азаматтарының еңбегі деп ойлаймын.
Серікбай Мүткенов Украина жерінде қайтыс болған. 2008 - жылы ел азматтары мен туған-туыстары бірігіп батыр жатқан бауырластар зиратына жеке ескерткіш орнатып қайтты. Бұл да батыр рухына көрсетілген айрықша құрмет шарасы еді.
Жеңістің 78, батырдың дүниеге келгеніне 110 жыл толуына орай өткен шара концерттік бағдарламаға ұласты. Арнайы құрылған сахна маңына жұртшылық та молынан жиналған.
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:
Созылған соғыс жылдары бізің жерлестеріміз Отанын жаудан аянбай қорғап ерліктің небір үлгілерін көрсете білді. Солардың ішінде Ақтоғай елінің тумасы, Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткенов есімін ерекше мақтаныш етеміз. Ұлы батырдың қазақ жерінің ұрпағы екенін т үсіну біз үшін мақтаныш болып табылады. Батырдың мерейтойы бұл өткен мен бүгінді түсіну мерекесі.
Батыр тойына арнап, ауданның барлық округтары киіз үй тікті. Қаһарманның туған-туыстары да арнайы сәнделіп, әспеттелген киіз үйді әкеліпті. Жиыны 14 үйдің ішінде Қараоба ауылының еңсесі биік, керегесі кең үйі төрешілерді жоғары бағасына ие болып, гарн приді еншіледі.
Ермек Машырықов, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары:
Елдегі шаруа қожалықтардың қолдауымен өткізіліп отырған шара. Нұркин Мейрам.
Батыр тойында балуандар күресі әр түрлі ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өтті. Қошқар көтеру, асық ату, гір тасын көтеру сияқты сайыстарға білектілер белсенді қатысты. Әр қайсысы өз баптары мен бақтарын сынады.
Олжабай Аралов, Ақтоғай аудананың құрметті азаматы:
Аттың орынын тай басар дейді бізен кейігі жастар жалғастырып жатыр. Мерекелерің құтты болсын қарақтарым.
Қазақ тойы ат бәйгесі мен көкпарсыз өткен емес. Бұл шараға да жүйрік пен көкбар десе ішкен асын жерге қоятын балуандар бас қосты. Осылайша мамырдың мамыржай күнінде аудан жұртышылығы батыр тойын айрықша салтанатпен атап өтті.
Жанасыл Серікбол