Жазғы уақытта балалалар демалысқа шыққан кезде, олардың қатысуымен түрлі оқиғалар орын алып жатады. Су, өрт, биіктік қателікті кешірмейді. Сондықтан екібастұздық дәрігерлер жаз уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Павлодар облысында бар жоғы бір-екі аптаның ішінде 2 бала терезеден құлап, бір жасөспірім суға кетті. Жағдайлар қаншалықты ауыр болғанымен, қауіпсіздік сұрағы бірінші орында екенін тағы бір мәрте мамандар еске салды.
СВЕТЛАНА ПОДЗОРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А
Біріншіден балаңыз неше жаста болса да су бойында оны қалдырмаңыз. Себебі балаларда қорқыныш сезімі болмайды, жасөспірімдер өте эмоционалды болады және қауіпсіздік жайлы ұмытып кетеді. Сондай-ақ, кішкентай балаларды үрленген дөңгелектерге отырғызып жібереді, ол да қауіпті. Аударылып қалуы мүмкін. Рұқсат етілмеген жерлерде тіпті суға түсуге болмайды.
Сондай-ақ, жаз уақытында астан улану жағдайлары да жиілеп кетеді. Әсіресе балалар түрлі жеміс-жидекті, көкөніс жеп, ұшынып жатады.
СВЕТЛАНА ПОДЗОРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А
Алдымен қолданатын астың мерзімін қарап алған дұрыс. Екіншіден, балаларды қол жууға үйрету керек. Себебі барлық ішек инфекциялары қол арқылы жұғады. Сондықтан баланы қол жуу, сүртуге үйрету керек. Қазір түрлі тәсілдері бар оның. Ал, балаңызда құсу, іш өту, бас ауыру сияқты белгілер пайда болса бірден дәрігерге апарыңыз. Өзі басылады деп күткен дұрыс емес. Себебі жағдай ушығып кетуі мүмкін.
Келесі кезекте, жаз басталысымен балалардың биіктіктен құлау фактілері жиілеп кетеді. Соңғы 2 аптаның өзі 2 бала өңірде жоғарыдан құлады. Абырой болғанда олардың жағдайы жақсарып келеді. Жалпы, мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.
СВЕТЛАНА ПОДЗОРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А
Әрине қазір ата аналар жұмыс басты, сондықтан балаларының жанында көп бола бермейді. Салдарынан өз бетімен үйде қалған балалар тұрмыстық жарақат алып, кейде күйіп, тіпті өртте өздері қалып жатады. Сондықтан балаларды жалғыз қалдырмай, оларды қарапайым сақтық ережелерін айтқан дұрыс.
Келесі кезекте жазда балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары да көбейеді. Мәселен, Екібастұз балалар травматологиялық бөлімшесінде мамыр-маусым айларында 60-70 бала осындай жарақаттармен түседі екен. Сондықтан велосипед сынды көлік құралдарына отырған балаларға қорғаныс заттарын да бірге алған дұрыс, деді маман.
Самал Қалиқызы