Павлодарлық анестизиолог-реаниматолог Сергей Новичевский Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болды. Жылдар бойы өңірдің акушерлік ісіне үлес қосқан маман, марапатына әлі сенбен жүр.

Сергей Львович бұған дейін де марапаттарға ие болған, талай әкім, министрлерден сый құрмет көрсетілді. Бірақ Президенттің қолынан алған бірінші марапатын ерекше толқыныспен алған.

СЕРГЕЙ НОВИЧЕВСКИЙ, № 1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Шынымды айтсам, әлі де ерекше сезімде тұрмын. Президент алдында Павлодар облысының Денсаулық сақтау саласын, атап айтқанда, босану ісінінің маманы ретінде марапатқа ие болу - үлкен мақтаныш сезімі. Эмоцияларды жеткізу қиын.

Сергей Новичевский медицина саласында 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Ал, 1999 жылдан бастап акушерлік бағытта анестезиология-реанимация саласында еңбек етіп келеді. Медицинаны ата-анамның кеңесі, өзімнің қалауым бойынша таңдадым, дейді Сергей Львович.

СЕРГЕЙ НОВИЧЕВСКИЙ, № 1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Ешқашан өкінген емес. Жұмыс оңай емес, бірақ динамикалық. Нәтижелерді тез көруге болады. Әсіресе акушерлік анестезиологиялық бағытта істеген ісін бірден көрініп қалады.

Осылайша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаның дамуына қосқан зор үлесі және азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін Сергей Львович Новичевский "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағымен марапатталды.

СЕРГЕЙ НОВИЧЕВСКИЙ, № 1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Негізі марапат әрқашан өз иесін табады. Егер ол жақсы және адал жұмыс жасаса, марапат адамды табады. Біз сыйақы мен ақша үшін жұмыс істемейміз. Басқа нәрселер ынталандыруы керек.

Сергей Новичевский анестезиолог дәрігер болғаннан кейін, оны көп пациенттер ұмытып жатады. Бірақ ауыр оталар, түрлі медициналық манипуляциялар осы маманның арқасында жүзеге асады. Сондықтан марапат өз иесін тапқандай.

Самал Қалиқызы